«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2021 жылғы 29 маусымдағы № 5-НҚ нормативтік қаулысы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2021 жылғы 29 маусымдағы № 5-НҚ нормативтік қаулысы

 

«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-3-бабына, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 21-НҚ нормативтік қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12595 болып тіркелген):

көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды ұсыну қағидаларында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Арнайы мақсаттағы аудитті аудиторлық қызмет туралы заңнамада, Мемлекеттік аудит туралы заңда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттары мен Есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) көзделген талаптарды сақтай отырып, аудиторлық ұйымның басшысы бекіткен аудит бағдарламасына сәйкес аудиторлық ұйым жүргізеді.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.