Ескертпе:
| «Рұқсат етілген» | - объектінің қызметі Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларында айқындалған санитариялық қағидалар, алгоритмдер (талаптар) және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим, термометрия сақталған, маскалық режим мен әлеуметтік қашықтық сақталған, белгілер салынған және тиісті дайындық актілері алынған кезде рұқсат етілген. |
| «✔ » | - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларында айқындалған санитариялық қағидаларды, алгоритмдерді (талаптарды) және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде, белгі салған және тиісті дайындық актілерін алған кезде қызметке ішінара (шектеулермен) рұқсат етілген |
| «Тыйым салынған» | - объектінің қызметіне тыйым салынған |
Сілтеме:
- Ұйымдар, кеңселер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте СО^Ю-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.
** - толтырылу бойынша өлшемшарттар ҚР БМСД 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 20 мамырдағы
№ 6 қаулысына
2-қосымша
Санитариялық бекеттер арқылы кедергісіз кіруге/шығуға рұқсат етілген адамдардың
(жол парақтарын, жұмысқа арналған нарядтарды, жоспар-тапсырмаларды, тауар жүкқұжаттарын,
іссапар құжаттарын, медициналық мекемелердің жолдамаларын, жеке куәліктерін
және т. б. көрсеткен кезде)
санаты және тізбесі
- халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының, медициналық, санитариялық-эпидемиологиялық, құқық қорғау, арнайы жедел және авариялық қызметтер қызметкерлері;
- медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін адамдар;
- карантиндік стационарларда емделуде және бақылауда болған адамдар;
- транзиттік жолаушылар мен жүктерді автотасымалдаушылар;
- вахталық қызметкерлерді тасымалдайтын көлік құралдары;
- күзгі дала жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринарлық, ауыл шаруашылық іс-шараларын, жол жөндеу жұмыстарын, бірінші кезекте қажетті тауарларды, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді, қатты, сұйық отынды және ЖЖМ жеткізушілер мен көліктеріне, сондай-ақ растайтын құжаттарын ұсынған кезде (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, қызметкерлер үшін жұмыс орнынан берілген еркін үлгідегі, мөрмен расталған анықтама) облыстың шаруашылық тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін тауарлары, жабдықтары мен материалдары тасымалдайтын барлық жүк көліктері;
- құқығын растайтын құжаттарды ұсынған кезде қала сыртындағы үйлерге, саяжайларға, омарталарға, қыстақтарға бару үшін тұрақты тұратын жеріне қайтып келетін адамдар мен облыс тұрғындары (бір отбасы мүшелері);
- жұмыс берушінің мөрімен расталған еркін үлгідегі анықтамасы болған кезде тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүріп-тұру;
- жерлеу рәсімі кезінде 10 адамнан артық және көлік құралының саны 3-тен аспауы керек;
- келесі мәселелер бойынша Ресей Федерациясының Бас консулдығына баратын адамдар растайтын құжаттары болған жағдайда: консулдық есеп (қою, алу), азаматтық, төлқұжаттарды тіркеу, Ресей Федерациясының азаматының ант беруі және Ресей Федерациясының шетелдік паспортын бірінші рет рәсімдеу, дайын паспорттарды алу, азаматтығының жоқ екендігі туралы анықтама, азаматтықтан шығу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігіне азаматтық туралы белгі қою (14 жасқа дейін), қайтару туралы куәлікті рәсімдеу, виза мәселелері, УТР ресімдеу және т. б.;
- растайтын құжаттары болған жағдайда, мемлекеттік органдарға виза алуға баратын шетелдік тұлғалар (олардың өкілдері);
- растайтын құжаттары болған жағдайда, ұялы және спутниктік байланыс операторлары мен телекоммуникациялық қызметтердің авариялық бригадаларының қызметкерлері мен көлік құралдары;
- арнайы және құқық қорғау органдарының, инкассация қызметтерінің, жеке күзет фирмаларының қызметкерлері мен көлік құралдары;
- растайтын құжаттары қызметтік рұқсатнамалар (болған кезде) немесе жұмыс беруші берген анықтамалар болған жағдайда мамандандырылған мердігерлік ұйымдардың қызметтік көлігімен жүретін қала кәсіпорындарының көлік құралдары мен қызметкерлері;
- растайтын құжаттары болған жағдайда, іссапарға жіберілген тұлғалар және уақытша іссапарға жіберілген адамдар мен көлік құралдары;
- растайтын құжаттары (бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы анықтамасы) болған жағдайда, пенитенциарлық жүйе мекемелерінде жазасын өтеген және карантиндік аймақтан тыс жерде тұратын адамдардың тұрақты тұратын жеріне қайтуы;
- растайтын құжаттары болған жағдайда, он төрт күндік үй карантиніне жібере отырып, тіркелген көлік құралдары мен жеке тұлғалар;
- демалыс базалары мен аймақтарына жолдамасы бар, сондай-ақ емдік дене шынықтырудан өту үшін, растайтын құжаттары бар көлік құралдары мен жеке тұлғалар (ұйымдастырылған туристік топтар);
- Қазақстан Республикасының чемпионаттарына, республикалық жарыстарға және оқу-жаттығу жиындарына қатысу үшін ұлттық құрама, клуб командаларының көлік құралдары мен спорт командалары (спортшылар, жаттықтырушылар құрамы және т. б.);
- құжаттарды, посылкаларды, жүктерді курьерлік экспресс-жеткізу қызметтерін ұсынатын көлік құралдары мен субъектілер қызметкерлері;
- растайтын құжаттары болған жағдайда, оқу орнына қайта оралған оқушылар.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 20 мамырдағы
№ 6 қаулысына
3-қосымша
COVID-19 коронавирустық инфекциясы тіркелген жағдайда білім беру және
тәрбиелеу объектілерін карантинге жабу және қашықтықтан оқыту форматына ауысу
өлшемшарттары
| Контингент | COVID-19 коронавирустық инфекциясы тіркелген жағдайда | |
| 1-2 жағдай | бір-бірімен эпидемиялық байланысты 3 және одан да көп жағдай (отбасылық ошақтардан басқа) | |
| 1 | 2 | 3 |
| Тәрбиелеу объектілері | ||
| Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына баратын балалар, тәрбиешілер мен күтушілер | Топ карантинге жабылады, қызметкерлер қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырылады | Мектепке дейінгі балалар мекемесі (ұйымы) карантинге жабылады |
| Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының өзге де қызметкерлері | Жақын байланыстағы тұлғалар қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырылады | Мектепке дейінгі балалар мекемесі (ұйымы) карантинге жабылады |
| Білім беру объектілері | ||
| Білім беру объектілерінің оқушылары | Сынып / топ карантинге жабылады, оқушылар қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылады | Білім беру объектісі карантинге жабылады, оқушылар қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылады |
| Сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерде («қызыл» аймақ) білім беру объектісі карантинге жабылады, оқушылар науқастанғандардың санына қарамастан қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылады | ||
| Білім беру объектілерінің оқытушылары | Оқытатын сынып(тар) карантинге жабылады, оқушылар қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылады | Білім беру объектісі карантинге жабылады, оқушылар қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылады |
| Сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерде («қызыл» аймақ) білім беру объектісі карантинге жабылады, оқушылар науқастанғандардың санына қарамастан қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылады | ||
| Білім беру объектілерінің өзге де қызметкерлері (әкімшілік, қосалқы персонал) | Жақын байланыстағы тұлғалар қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырылады | Білім беру объектісі карантинге жабылады, оқушылар қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылады |
| Сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерде («қызыл» аймақ) білім беру объектісі карантинге жабылады, оқушылар науқастанғандардың санына қарамастан қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылады | ||