Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 17 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 464 бұйрығында (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17379 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 21 қыркүйекте жарияланды):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларында:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер Қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасының талаптары сақталған жағдайда жатақхана пайдалануға енгізіліп, жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертуге кемінде жиырма жылға құқық ауыртпалығы тіркелгеннен кейін толық айға жүзеге асырылады, бөліктерге бөлінбейді.
Төлемді жүзеге асыру үшін өнім беруші 15 желтоқсандағы жағдай бойынша берілетін желтоқсан айына реестрді қоспағанда, ай сайын Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша айдың соңғы күніндегі жағдайға жатақханадағы студенттер, магистранттар және докторанттар нақты орналасқан орындар туралы мәліметтерді қамтитын тізілімді ұсынады.»;