Төлем және банк ұйымдарымен мемлекеттік кірістер органына қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде, күнтізбелік тоқсанда жүзеге асырылған төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мәліметтерді ұсыну нысанын және оларды ұсыну Қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 3 қарашадағы № 664 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 54-бабының 9-тармағына және 55-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес төлем және банк ұйымдарымен мемлекеттік кірістер органына қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде, күнтізбелік тоқсандада жүзеге асырылған төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мәліметтерді ұсыну нысаны;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес төлем және банк ұйымдарымен мемлекеттік кірістер органына қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде, күнтізбелік тоқсанда жүзеге асырылған төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мәліметтерді ұсыну Қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.