«Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 148 бұйрығы

«Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 148 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12599 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 14 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына:

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа ұғымдар Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінде, Заңда және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасында айқындалатын мәндерде қолданылады.»;

11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, мемлекеттік аудит объектісі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Заңның 11-1-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органның жанындағы апелляциялық комиссияға қарсылық береді.

Қажет болған жағдайда қарсылыққа қарсылықтың дәлелдерін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

12. Уәкілетті орган жанындағы апелляциялық комиссия хабарламаға қарсылықты Заңның 11-1-тарауында айқындалған тәртіппен және мерзімде қарайды.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Қарсылықтарды қарау нәтижелері бойынша мынадай:

1) мемлекеттік аудит объектісі даулап отырған барлық мәселелер қанағаттандырылған жағдайда - қарсылықты толық қанағаттандыру туралы;

2) мемлекеттік аудит объектісі даулап отырған мәселелер ішінара қанағаттандырылған жағдайда - қарсылықты ішінара қанағаттандыру туралы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.