«Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 175 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 10 маусымдағы № 293 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13301 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесінде:
1 «Ағымдағы шығындар» деген санатында:
01 «Тауарлар мен қызметтерге шығындар» деген сыныбында:
150 «Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу» деген кіші сыныбында:
159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» деген ерекшелігі бойынша:
7 «Ескерту» деген баған мынадай редакцияда жазылсын: