«Сәулет-қала құрылысы кеңесінің үлгілік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 12 ақпандағы № 54 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 маусымдағы № 303 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сәулет-қала құрылысы кеңесінің үлгілік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 12 ақпандағы № 54 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38013 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет-қала құрылысы кеңесі туралы үлгілік ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сәулет-қала құрылысы кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) - бірыңғай қала құрылысы саясатын іске асыру жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру, адам өмір сүретін және тіршілік ететін ортаның сапасын арттыру, елді мекендердің орнықты дамуын қамтамасыз ету және заманауи сәулеттік келбетін қалыптастыру үшін астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жанынан құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сәулет-қала құрылысы кеңесінің құрамын астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органы кемінде жеті адам тақ санында қалыптастырылады.»;