«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 1 наурыздағы № 52 бұйрығы

 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 1 наурыздағы № 52 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 16137 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінде:

6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Nz – бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:

 

Nz = [(Еz + L) * (k1 + k2)] + А1 + А2 + А3,

 

мұндағы:

z – орта білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін сыныптарындағы білім беру деңгейін (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру), оның ішінде дамуында ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыларды көрсететін индекс;

Еz – бір жылда бір білім алушыға шаққандағы білім беру процесі шығыстарының нормасы.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушы үшін Еz 2-ге көбейтіледі;

L – бір жылда бір білім алушыға шаққандағы білім беру ортасы шығыстарының нормасы;

k1 – нақты орташа жылдық контингент бойынша мектептердің толықтырылу коэффициенті:

400 білім алушыға дейін – 1;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.