Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № 114 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 180 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
101 «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі», 104 «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi», 106 «Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық», 107 «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты», 108 «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Кеңсесі» және 110 «Облыс мәслихатының аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:
119 «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы резервi есебінен іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 165, 166, 167, 168 және 169 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
«165 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу
166 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту
167 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру