Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың шекті нормаларын бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № А-6/248 Қаулысы
(2018.19.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № А-4/170 Қаулысымен күші жойылды
«Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелді) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың шекті нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № А-11/529 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5068 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 4 желтоқсанында жарияланды);
2) «Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № А-11/529 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № А-6/210 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5366 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 31 мамырында жарияланды).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Е.Я. Каппельге жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.