«Бағалау қызметі саласындағы оқытудың, кәсіптік қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасын және сағаттар көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 518 бұйрығы (2025.23.03. берілген өзгерістермен)

Бағалау қызметі саласындағы оқытудың, кәсіптік қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасын және сағаттар көлемін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 518 бұйрығы

(2025.23.03. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Қаржы министрінің м.а. 2025.05.03. № 104 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 23 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 106) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Бағалау қызметі саласындағы оқытудың, кәсіптік қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы және сағаттар көлемі бекітілсін.

2. «Бағалау қызметі саласында мамандарды кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 111 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6170 болып тіркелген, 2010 жылғы 29 сәуірде «Заң газеті» газетінде № 61 (1683) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.