«Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер cтандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 82 бұйрығы (күші жойылды)

«Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер cтандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 82 бұйрығы

 

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығымен күші жойылды

 

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 1) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11301 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде және «Егемен Қазақстан» газетінде № 123(28601) жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартында:

3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);»;

4-тармақ мынадай редацияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 10 (он) жұмыс күні ішінде.

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты - 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты - 20 (жиырма) минут.

Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығына тексереді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.