«Баланың туу тегін анықтауға байланысты істерді қарау кезінде соттардың заңнаманы қолдануы туралы» 2018 жылғы 29 қарашадағы № 16 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы (2024.25.12. берілген өзгерістермен)

Баланың туу тегін анықтауға байланысты істерді қарау кезінде соттардың заңнаманы қолдануы туралы
2018 жылғы 29 қарашадағы № 16 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы

(2024.25.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2024.28.11. № 4 Нормативтік қаулысымен тақырыптағы деректемелер жаңа редакцияда (2024 ж. 25 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2023.07.12. № 4 Нормативтік қаулысымен  бүкіл мәтін бойынша «талап қою арызы», «талап арызды», «қойылған талапты», «талапты толық» деген сөздер тиісінше «арыз», «талап қоюды», «талап қоюды толық» деген сөздермен ауыстырылды (2023 ж. 28 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Баланың туу тегіне байланысты істерді қарау кезінде соттардың заңнаманы біркелкі қолдануын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірмелер беруге қаулы етеді.

ҚР Жоғарғы Сотының 2023.07.12. № 4 Нормативтік қаулысымен (2023 ж. 28 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.28.11. № 4 Нормативтік қаулысымен (2024 ж. 25 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған баланың туу тегі ата-аналар мен баланың құқықтары мен міндеттерінің туындауы үшін негіз болып табылады («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 46-бабының 2-тармағы)).

Баланың әкесі (анасы) болу мәселелері бойынша дау туындаған жағдайда баланың туу тегі туралы, атап айтқанда әке болуды анықтау; әке (ана) болуды даулау және баланың тууы туралы акт жазбасынан баланың әкесі (анасы) туралы мәліметтерді алып тастау туралы дауларды Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 14-тарауының талаптарын сақтай отырып, талап қою ісін жүргізу тәртібімен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот шешеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.