«Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 4 ақпандағы № 35 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 15323 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларында:
14) тармақша алып тасталсын;
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«21) медициналық пункт - осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтық авиация ұйымының құрылымдық бөлімшесі немесе азаматтық авиация ұйымымен шарт бойынша медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым;»;
11-1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) санитарлық-карантиндік пунктте (бұдан әрі - СКП) немесе санитарлық-карантиндік бақылауда (бұдан әрі - СКБ) орналасқан медпункттің медицина қызметкері СКП немесе СКБ мамандарымен бірлесіп жүргізеді.»;
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Медпункт меңгерушісінің әкімшілік бағыныстылығын, құрылымы мен штатын азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысы немесе азаматтық авиация ұйымымен жасалған шарт бойынша медициналық ұйымның бірінші басшысы айқындайды.
Азаматтық авиация ұйымы медициналық пункттың міндеттерін шарт бойынша медициналық ұйымның басшылығына берілуіне қарамастан, осы Қағидалар талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.»;
66-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«жиналмалы сөмкелер саны осы әуеайлақта пайдалануға жіберілген ең ірі әуе кемесінің жолаушылар сыйымдылығының төрттен бір бөлігіне есептелінген;»;
Қағидаларға 4-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: