Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 «Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 308 Қаулысы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29029 болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 77-1 жолмен толықтырылсын:
«
| 77-1 | Комсомольское көлі: «ЭПК-forfait» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік алаңы шегінде | 121-160 | 35 |
».