(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БӨЛЕК ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚ ЖИЫНДАРЫН ӨТКІЗУДІҢ ҮЛ...

Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қаулысы

 

Осы редакция 2021 жылғы 5 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 18 қазандағы

№ 1106 қаулысымен

бекітілген

 

 

Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің

үлгі қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.

2. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

 

 

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

 

3. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.