«Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 7-1/370 бұйрығы (2025.30.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 7-1/370 бұйрығы

(2025.30.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 42) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

 

2015 жылғы 8 маусым

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 27 сәуірдегі

№ 7-1/370 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру

қағидалары

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.20.10. № 320 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.