»;
13) 44-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) байланыс саласындағы уәкілетті орган радиожиілік спектрін пайдалануға берген рұқсаттар шеңберінде өзіне міндеттемелер қабылдаған, төлемақының тиісті мөлшерлемесін төмендетуден босаған қаражаттан аз емес қаражатты қалалық және ауылдық елді мекендерде Интернетке кең жолақты қолжетімділік жобаларын қаржыландыруға дербес өзі немесе топтасып жіберген байланыс операторлары үшін Салық кодексінің 595-бабы 2-тармағы кестесінің жетінші және он алтыншы жолдарының қолданысы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін және Салық кодексінің 595-бабы 2-тармағының кестесінде көзделген ұялы байланыс үшін төлемақының жылдық мөлшерлемесінің қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, төлемақының белгіленген жылдық мөлшерлемелері 90 пайызға азайтылады деп белгіленсін.
Төлеушілер төлеген төлемақы сомаларын қайтару жүргізілмейді.
Байланыс операторлары осындай міндеттемелерді ресімдеу мақсатында байланыс саласындағы уәкілетті органға радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты жібереді, ол міндеттемелерді енгізеді және радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты байланыс операторына қайтарады.
Байланыс операторлары тиісті міндеттемелер орындалғанға дейін және орындалғаннан кейін көрсетілген жобаларды қаржыландыру бойынша жыл сайынғы аудиттелген мәліметтерді байланыс саласындағы уәкілетті органға ұсынады, сондай-ақ қалалық және ауылдық елді мекендерді Интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі ақпаратты ай сайынғы негізде ұсынады.»;
14) 45-1-баптың 3) тармақшасының тоғызыншы абзацындағы «мен құрылтайшылары» деген сөздер «,құрылтайшылары (қатысушылары)» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 45-2-бапта:
төртінші - тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік:
жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және (немесе) жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзетін кемелер, «өзен - теңізде» жүзетін кемелер;
көлік құралдары, арнайы техника және (немесе) тіркемелер;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде шетелдік банктердегі банктік шоттарда жиынтығында барлық банктік салымдар бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ақша;
2) Қазақстан Республикасындағы және (немесе) оның шегінен тыс жерлердегі мүлік:
тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуы туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлес;»;
мынадай мазмұндағы оныншы - он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
инвестициялық алтын;
зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшері шегінен аспайтын сомада көрсетілетін қолма-қол ақша;
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (айғақтаған) шарт немесе өзге құжат болған кезде басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі);
3) осы баптың 4-тармағында көрсетілген өзге де мүлік.»;
он екінші - он үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда жеке тұлғаның қалауы бойынша Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құны болған кезде, басқа мүліктің бір бірлігі үшін бағасы (құны) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда осы мүлік көрсетілуі мүмкін.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережесі мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікке, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікке қатысты қолданылмайды.».
он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтар алып тасталсын;
16) 45-3-бапта:
үшінші абзацтағы «1. Кірістер» деген сөздер «Кірістер» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші - он тоғызыншы абзацтар алып тасталсын;
17) 57-4-баптың үшінші бөлігі 16) тармақшадағы «қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.» деген сөздер «қызметті;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) бөлшек салықтың арнаулы салық режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.»;
18) мынадай мазмұндағы 57-8 және 57-9-баптармен толықтырылсын:
«57-8-бап. Жер қойнауын пайдаланушылар Салық кодексінің 766-бабының 1-тармағында көзделген және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап осы бап қолданысқа енгізілгенге дейінгі кезеңде жасалған көмірсутектерді бірлесіп барлауға және өндіруге арналған келісімшарттар бойынша осы бап қолданысқа енгізілгеннен күннен бастап күнтізбелік 90 күннен кешіктірмей жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары бойынша салықтық міндеттемені орындаудың баламалы тәртібін қолдану туралы хабарлама жіберуге құқылы деп белгіленсін.
57-9-бап. Осы норма қолданысқа енгізілген күнгі жағдай бойынша жеке сот орындаушыларының жеке шоттарында есепте тұрған немесе 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген (есепке жазылған) аукциондардан алым бойынша бересі сомасы, сондай-ақ осындай бересінің сомасына есепке жазылған өсімпұл сомасы салықтық берешек деп танылмайды, бюджетке енгізілуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен есептен шығарылуға жатады. Жеке сот орындаушылары төлеген аукциондардан алым сомаларын қайта есептеу және қайтару жүргізілмейді.».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 13) тармақшасының төртінші абзацын, 51) тармақшасының үшінші абзацын, 69), 70), 71) және 82) тармақшаларын, 87) тармақшасының бесінші, сегізінші және оныншы абзацтарын, 88) және 89) тармақшаларын, 90) тармақшасының үшінші және жетінші абзацтарын, 92) тармақшасын, 93) тармақшасының елуінші абзацын, 95) тармақшасын, 96) тармақшасының екінші абзацын, 98) тармақшасының оныншы абзацын, 99) тармақшасының екінші, үшінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 101) тармақшасының екінші және төртінші абзацтарын, 103) және 105) тармақшаларын, 106) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 110), 112), 113) және 115) тармақшаларын, 116) тармақшасының төртінші абзацын, 117) және 118) тармақшаларын, 120) тармақшасының екінші абзацын, 123) тармақшасының он тоғызыншы абзацын, 160) тармақшасының жетінші абзацын, 162) тармақшасының екінші абзацын, 164) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және алтыншы абзацтарын, 168) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 172) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 178) тармақшасын, 179) тармақшасының жетінші абзацын, 189) тармақшасының екінші және төртінші абзацтарын, 193) және 204) тармақшаларын, 210) тармақшасының екінші, үшінші және бесінші абзацтарын, 211) тармақшасын, 212) тармақшасының екінші абзацын, 219) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 222), 223) және 264) тармақшаларын, 265) тармақшасының үшінші - алтыншы абзацтарын, 275) және 276) тармақшаларын, 277) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 282) тармақшасын, 298) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 299) тармақшасын, 2-тармағының 6) тармақшасын, 7) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы, он екінші, он үшінші, жиырма екінші - отыз төртінші, отыз жетінші - қырқыншы, елу бесінші, елу алтыншы, бір жүз он сегізінші, бір жүз отыз үшінші, бір жүз отыз төртінші, бір жүз елуінші, бір жүз елу бірінші, бір жүз елу төртінші - бір жүз алпыс екінші абзацтарын;
2) 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 87) тармақшасының тоғызыншы абзацын;
3) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 31) тармақшасының бесінші абзацын, 97) тармақшасының жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарын, 149) тармақшасының төртінші абзацын, 219) тармақшасының үшінші абзацын, 259) тармақшасының екінші - жетінші абзацтарын, 260) тармақшасының үшінші абзацын, 271) тармақшасының екінші - сегізінші абзацтарын, 2-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацын;
4) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші және жиырма тоғызыншы абзацтарын, 14) тармақшасының бесінші, алтыншы, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарын, 36) тармақшасының екінші абзацын, 79) тармақшасының екінші абзацын, 85) және 86) тармақшаларын, 87) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 90) тармақшасының он төртінші - отызыншы абзацтарын, 91) тармақшасын, 93) тармақшасының қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық тоғызыншы, елу бірінші және елу екінші абзацтарын, 97) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, он төртінші және жиырмасыншы абзацтарын, 99) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 102) және 108) тармақшаларын, 119) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 121) тармақшасын, 123) тармақшасының екінші - он сегізінші, жиырмасыншы - елу төртінші абзацтарын, 124) тармақшасын, 125) тармақшасының үшінші, төртінші, жетінші - отыз екінші абзацтарын, 126), 127), 128), 129) және 130) тармақшаларын, 131) тармақшасының алтыншы абзацын, 132), 133), 135) және 136) тармақшаларын, 137) тармақшасының жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтарын, 148) тармақшасының үшінші және төртінші, жетінші - қырық үшінші абзацтарын, 168) тармақшасының төртінші - он тоғызыншы абзацтарын, 171) тармақшасының үшінші - жетінші абзацтарын, 194), 207), 213) - 218) тармақшаларын, 220) тармақшасының екінші абзацын, 221), 226) - 232), 238), 295) және 296) тармақшаларын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 7) тармақшасының оныншы, он сегізінші, он тоғызыншы, елу жетінші - алпыс жетінші, жетпісінші - бір жүз жетінші, бір жүз он төртінші, бір жүз он бесінші, бір жүз жиырма алтыншы - бір жүз отызыншы, бір жүз алпыс үшінші - бір жүз алпыс тоғызыншы, бір жүз жетпіс бірінші, бір жүз жетпіс екінші, бір жүз жетпіс үшінші, бір жүз сексен бірінші және бір жүз сексен екінші абзацтарын;
5) 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының бірінші және екінші абзацтарын;
6) 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтарын, 4) тармақшасының үшінші - алтыншы абзацтарын, 48) тармақшасын, 49) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 52) тармақшасын, 244) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын;
7) 2021 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 98) тармақшасының екінші - тоғызыншы абзацтарын, 177) тармақшасының үшінші - жетінші, жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтарын;
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының он үшінші - он жетінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, отызыншы, отыз бірінші, қырық жетінші - елу жетінші абзацтарын, 3) тармақшасының алтыншы, жетінші және он бесінші абзацтарын, 5) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 14) тармақшасының үшінші, төртінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтарын, 31) тармақшасының екінші және төртінші абзацтарын, 34) тармақшасын, 36) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 66), 67), 68) және 100) тармақшаларын, 149) тармақшасының он төртінші және он бесінші абзацтарын, 151) және 159) тармақшаларын, 161) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 162) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 181) тармақшасының екінші абзацын, 188), 201), 203), 205) және 206) тармақшаларын, 219) тармақшасының төртінші, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 237) тармақшасының алтыншы - сегізінші абзацтарын, 239), 241), 242), 243), 247) және 304) тармақшаларын, 2-тармағы 7) тармақшасының бір жүз жиырма бесінші, бір жүз отыз бірінші, бір жүз отыз екінші және бір жүз жетпісінші абзацтарын қоспағанда, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Мыналар:
1) осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 87) тармақшасының он үшінші және он төртінші абзацтары, 160) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
2) осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 93) тармақшасының елу үшінші және елу төртінші абзацтары, 260) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
3) осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 131) тармақшасының бесінші абзацы, 176) тармақшасының екінші - сегізінші абзацтары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
4) осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 224) тармақшасының төртінші - сегізінші абзацтары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
5) осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 87) тармақшасының он бірінші және он екінші абзацтары, 93) тармақшасының екінші - қырық төртінші, елу бесінші және елу алтыншы абзацтары, 104) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары, 260) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары, 262) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
6) осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 168) тармақшасының жиырмасыншы, жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтары 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
7) осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 145) тармақшасының үшінші абзацы, 2-тармағы 7) тармақшасының елу үшінші және елу төртінші абзацтары 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 10 желтоқсан
№ 382-VI ҚРЗ