Бюджеттік кредиттеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 маусымдағы № 325 бұйрығы
(2025.06.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабы 6-тармағының 3) тармақшасына және 8, 13 және 16-тармақтарына, 156-бабының 2-тармағына және 161-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бюджеттік кредиттерді беру жөніндегі рәсімдер, оның ішінде оларды беру кезінде қажетті құжаттар тізбесі, сондай-ақ бюджеттік кредит беру тәсілдері, бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету кестесі, бюджеттік кредитті қайта құрылымдау және қарыз алушыны ауыстыру рәсімдері, талап қоюдың ескіру шарттары, бюджеттік кредит бойынша борышты аудару шарттары, кредиторлардың талаптарын тоқтату және бюджеттік кредиттер бойынша кепілдікті тоқтату, бюджеттік кредиттер бойынша бақылау рәсімдері (бұдан әрі - 1-қосымша);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Сенiм бiлдiрiлген өкілдің (агенттің) өкілеттіктерін, оның сыйақысының мөлшері мен төлеу шарттарын айқындау қағидалары (бұдан әрі - 2-қосымша);
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Бюджеттік кредиттердің нысаналы мақсат бойынша пайдалануға және ол бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуына бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - 3-қосымша);
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қарыз алушының кредиттік қабілетінің өлшемшарттары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қаржы агенттіктерін міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етусіз республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу қағидалары (бұдан әрі - 5-қосымша) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;