«Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 677 бұйрығы

 «Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 677 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8788 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 желтоқсандағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 268 (28207) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларында:

4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары арқылы дұрыс өтпеу - арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары арқылы автокөлік құралдарының тұтас таңбалау сызығын басып немесе қиып өтуі, қарсы қозғалыс жолағына шығып өтуі, жылдамдық режимін бұзып, мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiлерi оқылмайтын немесе белгіленген орындардан тыс жерде орнатылған, тіркеу нөмірлік белгілері жоқ көлік құралдарының жүріп өтуі, өлшеу аумағында тежеумен, үдеумен немесе тоқтап жүріп өтуі;»;

6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6-1. Автокөлік құралдарының салмақтық параметрлерін айқындаған кезде көліктік дерекқор мен тасымалдау қауіпсіздігі динамикасының мониторингі ақпараттық талдау жүйесі (бұдан әрі - КДҚ АТЖ) автокөлік құралы салмағының өлшенген мәнінен автоматты түрде шегеретін жол қаптауы конструкциясының типіне қарай өлшеу ауытқуы ескеріледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.