(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РҰҚСАТТАР ЖӘНЕ ХАБАРЛАМАЛАР ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУ...

Предыдущая страница

 

50-бап. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 51-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

51-бап. Хабарламалар бойынша бақылау және рұқсаттық бақылау

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сəйкестігі тұрғысынан жүргізілетін рұқсаттық бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес тексеру нысанында жүзеге асырылады.

Егер берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүзеге асырылатын рұқсат беру бақылауын жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, онда мұндай бақылау Қазақстан Республикасының осындай заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Рұқсаттық бақылау осы баптың 2-1 - 2-4-тармақтарында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады.

Қаржы саласындағы қызмет жəне қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет саласында рұқсаттық бақылау «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Біліктілік жəне рұқсат беру талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру кезінде өтініш берушіге бару қажеттілігі болған жағдайда бару нəтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкестігі немесе сəйкес еместігі туралы қорытынды жасалады.

Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкестігі немесе сəйкес еместігі туралы қоры тындыда мыналар көрсетіледі:

1) қорытындының жасалған күні, уақыты жəне орны;

2) рұқсат беру органының атауы;

3) рұқсаттық бақылауды жүзеге асырған адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;

4) өтініш берушінің атауы немесе тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;

5) мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың рұқсаттық бақылауды жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары жəне сарапшылары туралы мəліметтер;

6) рұқсаттық бақылаудың нəтижелері туралы, оның ішінде біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына анықталған сəйкессіздіктер туралы мəліметтер;

7) өтініш берушінің, өтініш беруші өкілінің, сондай-ақ рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру кезінде қатысқан адамдардың қорытындымен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мəліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;

8) рұқсаттық бақылауды жүзеге асырған лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) қолтаңбасы.

Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкестігі немесе сəйкес еместігі туралы қорытындыға өнім үлгілерін (сынамаларын) іріктеу, қоршаған орта объектілерін зерттеп-қарау туралы актілер, жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың) жəне сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) жəне рұқсаттық бақылаудың нəтижелеріне байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері болған кезде қоса беріледі.

Рұқсаттық бақылаудың нəтижелері бойынша ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар болған жағдайда өтініш беруші не оның өкілдері ескертулерді жəне (немесе) қарсылықтарды жазбаша түрде жазуға құқылы.

Ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкестігі немесе сəйкес еместігі туралы қорытындыға қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі жасалады.

Рұқсат беру органы өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкестігі немесе сəйкес еместігі туралы қорытындыға бақылау субъектісінің ескертулерін жəне (немесе) қарсылықтарын он бес жұмыс күні ішінде қарауға жəне уəжді жауап беруге тиіс.

Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкестігі немесе сəйкес еместігі туралы қорытындыны қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған рұқсаттық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар жəне өтініш берушінің басшысы не өтініш берушінің уəкілетті өкілі қол қояды.

Өтініш беруші не оның уəкілетті өкілі бас тарту себебі туралы жазбаша түсіндірме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.

Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкестігі немесе сəйкес еместігі туралы қорытынды екі данада жасалады.

Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкестігі немесе сəйкес еместігі туралы қорытындының бірінші данасы рұқсат беру органында қалады, екінші данасы қағаз жеткізгіште қол қойғызып немесе электрондық нысанда өтініш берушіге (заңды тұлғаның басшысына не оның уəкілетті тұлғасына, жеке тұлғаға) беріледі.

Рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру кезінде түпнұсқа бухгалтерлік жəне өзге де құжаттарды алып қоюға жəне алуға тыйым салынады.

Өтініш беруші біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкес келген жағдайда өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкестігі туралы қорытынды ресімделеді.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

2-2. Рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру кезінде рұқсат беру органының лауазымды адамдары:

1) біліктілік жəне рұқсат беру талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленбеген талаптардың орындалуын тексеруге;

2) егер құжаттар, ақпарат, өнім үлгілері (сынамалары), қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп-қарау сынамалары рұқсаттық бақылау объектілері болып табылмаса немесе оның нысанасына жатпаса, оларды беруді талап етуге;

3) өнім үлгілеріне, қоршаған орта объектілерін жəне өндірістік орта объектілерін зерттеу сынамаларына зерттеу, сынау, өлшеу жүргізу үшін көрсетілген үлгілердің, сынамалардың белгіленген нысан бойынша жəне (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгілерді, сынамаларды іріктеп алу қағидаларында жəне олардың зерттеу, сынау, өлшеу əдістерінде, техникалық регламенттерде немесе олар күшіне енетін күнге дейін қолданыста болатын өзге де нормативтік техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидаларында жəне əдістерінде белгіленген нормадан асатын санда іріктеп алынуы туралы хаттамаларды ресімдемей, оларды іріктеп алуға;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, рұқсаттық бақылау нəтижесінде алынған жəне коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге жəне (немесе) таратуға;

5) рұқсаттық бақылау нысанасына жатпайтын талаптар қоюға жəне өтініштермен жүгінуге құқылы емес.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

2-3. Рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру кезінде рұқсат беру органдары лауазымды адамдарының:

1) өтініш берушінің аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруге;

2) өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкестігі немесе сəйкес еместігі туралы қорытындыға қоса тіркеу үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар жəне Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып, өтініш берушінің рұқсаттық бақылау нысанасына сəйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті алуға;

3) аудио-, фото- жəне бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;

4) рұқсаттық бақылау нысанасына жататын техникалық бақылау құралдарының, байқау жəне тіркеп-белгілеу аспаптарының, фото- жəне бейнеаппаратураның жазбаларын пайдалануға;

5) мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын жəне сарапшыларын тартуға құқығы бар.

Рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру кезінде рұқсат беру органдарының лауазымды адамдары:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, өтініш берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;

2) рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру кезеңінде өтініш берушілердің белгіленген жұмыс режиміне кедергі жасамауға;

3) рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру кезінде өтініш берушінің қатысуына кедергі жасамауға, рұқсаттық бақылау нысанасына жататын мəселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

4) өтініш берушіге рұқсаттық бақылау нысанасына жататын қажетті ақпаратты беруге;

5) рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру нəтижесінде алынған құжаттар мен мəліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-4-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

2-4. Рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру кезінде өтініш берушілер не олардың уəкілетті өкілдері:

1) егер мəліметтер рұқсаттық бақылау нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;

2) өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкестігі немесе сəйкес еместігі туралы қорытындыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес шағым жасауға;

3) рұқсаттық бақылаудың жүзеге асырылу процесін, сондай-ақ рұқсат беру органы лауазымды адамының рұқсаттық бақылау шеңберінде жүргізіп жатқан жекелеген əрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі жасамай, аудио- жəне бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге;

4) өз мүдделері мен құқықтарын білдіру мақсатында рұқсаттық бақылауға қатысуға үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.

Рұқсаттық бақылаудың жүзеге асырылуы кезінде өтініш берушілер не олардың уəкілетті өкілдері:

1) рұқсат беру органдары лауазымды адамдарының өтініш берушінің аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

2) коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, рұқсат беру органдарының лауазымды адамдарына өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкестігі немесе сəйкес еместігі туралы қорытындыға қоса тіркеу үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ рұқсаттық бақылаудың міндеттері мен нысанасына сəйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті беруге;

3) өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкестігі немесе сəйкес еместігі туралы қорытындыны алған кезде оны алғаны туралы екінші данасына белгі жасауға;

4) рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру үшін объектіге келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сəйкес зиянды жəне қауіпті өндірістік əсер ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

5) алдағы рұқсаттық бақылау туралы хабарламаны алған жағдайда тағайындалған мерзімдер мен уақытта бақылау жəне қадағалау объектісі тұрған жерде болуға міндетті.

3. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Хабарламаны алғаннан кейін мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде қызметті жүзеге асыру үшін белгіленген талаптарды сақтауын дербес тексереді.

 

 

11-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

 

52-бап. Өтпелі ережелер

1. Осы Заңның 3-бабының 2-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған және осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар мен хабарламалар тізбелеріне енбеген рұқсаттар мен хабарламалардың болуы міндетті болып табылмайды және осы рұқсаттарсыз және хабарламаларсыз қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру жеке немесе заңды тұлғалар үшін жауаптылыққа әкеп соқпайды.

2. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 4-бабының 8-тармағына сәйкес лицензиялануға жатпаған қызмет түрлеріне осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап, олар осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда болған жағдайда, рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі жалпы негіздерде қолданылады.

3. Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда мұндай мүмкіндік болған жағдайда жүргізіледі.

Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда ғана жүргізіледі.

Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мен рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітілетін, автоматтандыруға жатпайтын тізбеге енгізілген екінші санаттағы рұқсаттарды қоспағанда, 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде рұқсаттарды жинау мен сақтауды немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыруды автоматтандыру енгізілмейтін және қамтамасыз етілмейтін екінші санаттағы рұқсаттардың күші жойылуға жатады.

4. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиялар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен кейін алты ай ішінде осы Заңға 1-қосымшаға сәйкес мерзімі шектеулі лицензияларға қайта ресімделуге жатады.

 

53-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат; № 12, 84-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат;№ 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 16, 83-құжат).

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2014 жылғы мамырдың 16-ы.

              № 202-V

 

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 496-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан, 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.25.02. № 12-VІІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан, 2021 ж. 9 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 405-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен (2024 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.28.12. № 173-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді 

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы»

2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V

Қазақстан Республикасының Заңына

1-қосымша

 

 

Бірінші санаттағы рұқсаттардың (лицензиялардың)

ТІЗБЕСІ

 

2016.29.03. ҚР № 479-V Заңымен 15-жол өзгертілді (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)