«Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2024 жылғы 16 шiлдедегi № 115-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 29 шілдедегі № 187-НҚ бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2024 жылғы 16 шiлдедегi № 115-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 29 шілдедегі № 187-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2024 жылғы 16 шiлдедегi № 115-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті туралы ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегінде су қорын қорғау және пайдалану саласындағы стратегиялық, реттеушілік, іске асыру, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.»;

14-тармақтың 1) тармақшасында «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету» деген сөздер «мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету» деген сөздермен ауыстырылсын;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Функциялары:

1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;

2) реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және талаптарға сәйкестігін тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын әзірлейді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.