Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңесті құру туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 17 шілдедегі № 252 бұйрығы
«Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 378 бұйрығымен бекітілген Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі cалалық кеңес құрылсын.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі cалалық кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің м.а. | А. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2024 жылғы 17 шілдедегі
№ 252 бұйрығына
1-қосымша
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық
кеңестің құрамы
| № | Аты-жөні | Лауазымы |
| Салалық кеңес төрағасының орынбасары | ||
| 1. | Бағлан Әбдәшімұлы Бекбауов | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
| Салалық кеңестің хатшысы | ||