«Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 415 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 12 тамыздағы № 277/НҚ бұйрығы (күші жойылды)

«Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 415 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 12 тамыздағы № 277/НҚ бұйрығы

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 703/НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 415 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17437 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Технопарктің функцияларына:

1) Технопарк қатысушыларына акселерация, технологиялық бизнес-инкубациялау қызметін көрсету;

2) Технопарк қатысушылары үшін маркетинг және өзге де іс-шараларды өткізу бойынша қызметтер ұсыну;

3) Технопарк қатысушыларын дамытуды ынталандыру үшін консультациялық, ақпараттық, талдамалық, білім беру іс-шараларын өткізу бойынша қызметтер көрсету;

4) Технопарк қатысушыларын дамытуды ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржылық ресурстарды тарту, халықаралық тәжірибені зерделеу және білім алмасу мақсатында халықаралық ұйымдармен, шетелдік серіктестермен ынтымақтасу;

5) Технопарк қатысушыларының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруы үшін әлеуетті инвесторларды іздеу;

6) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Технопарк бағдарламалары бойынша оқудан өтуі үшін Технопаркке қатысушы жұмыскерлерге визалар алуға шақырулар, өтініш хаттар жіберу;

7) Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін Технопаркқа қатысуға тарту;

8) Технопарк қатысушыларын тіркеу және тиісті растайтын құжаттарды беру;

9) Технопаркте акселерациядан өтетін адамдарға тұрғын жай беру және тұруға жағдай жасау;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.