Жер учаскелері жеке меншікке берілген, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олардың кадастрлық (бағалау) құнын белгілеу үшін түзету коэффициенттері мен аймақ шекараларын бекіту туралы
Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 185/30-IV шешімі
(2012.06.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 10, 11-баптарына сәйкес Астана қаласының маслихаты ШЕШТІ:
1. 1-қосымшаға сәйкес Астана қаласы аумақтарында жер учаскелері жеке меншікке берілген, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олардың кадастрлық (бағалау) құнын белгілеу үшін аймақ шекаралары бекітілсін.
2. 2-қосымшаға сәйкес жер учаскелері жеке меншікке берілген, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде жер учаскесінің төлемақысын базалық құнына қолданылатын түзету коэффициенттері бекітілсін.
3. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 9 ақпандағы № 344/43-ІІІ «Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау үшін түзету коэффициенттері мен шекара аймақтарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 21 ақпанда № 461 болып тіркелген, 2007 жылғы 24 ақпанда № 34-36 «Астана хабары», 2007 жылғы 24 ақпанда № 35-36 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
| Астана қаласы мәслихатының сессия төрайымы |
Н. Петухова |
| Астана қаласы мәслихатының хатшысы |
В. Редкокашин |
Астана қаласы мәслихатының 2012.06.12. № 93/11-V шешімімен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Астана қаласы мәслихатының
2009 жылғы 29 қаңтардағы
№ 185/30-ІV шешіміне
1-қосымша
Жер учаскелерін жеке меншікке берілген, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген
кезде жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын белгілеу үшін аймақтардың
шекаралары