«Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 бұйрығы (2026.16.11. берілген өзгерістермен)

Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 бұйрығы

(2026.16.11. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2026.30.10. № 153 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 10-бабының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және 14-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2026.30.10. № 153 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Денсаулық сақтау саласында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

2. «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 маусымдағы № ҚР ДСМ-65/2020 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20863 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.