Әкімдіктің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 396 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 56 Қаулысы
Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 16 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 396 қаулысына (2015 жылғы 11 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5976 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
7) «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
8) «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
9) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
10) «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
11) «Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін;