«Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 22 шілдедегі № 383 бұйрығы

«Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 22 шілдедегі № 383 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларында:

3-тармақ мынадай мазмұндағы 26) тармақшамен толықтырылсын:

«26) цифрлық құжаттар сервисі - операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, электрондық нысанда қызметтерді алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Жолаушылар пойыздарына жол жүру құжаттарын (билеттерін) алдын ала сату пойызды құрастыру және айналым станцияларынан жүзеге асырылады:

жолаушылар пойыздарына - сатылу ерекшелігі осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген ұйымдасқан жолаушылар топтарының өтінімдерін қоспағанда, кемінде 45 (қырық бес) тәуліктен 1 (бір) тәулікке дейін;

қала маңы пойыздарына-10 (он) тәуліктен 1 (бір) тәулікке дейін сатылады.

Жолаушылар пойызына жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 7 сағат 00 минутта жүзеге асырылады.

Аралық станцияда алдын ала сату тасымалдаушы белгілеген сату режиміне байланысты жүргізіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.