(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ АРХИВ ҚОРЫ ЖӘНЕ АР...

Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 172 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 301 бірлескен бұйрығы

 

Осы редакция 2019 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 18-бабы 2-тармағының 16) және 17) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына, сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Мыналар:

1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы тұрғысынан электрондық құжаттар мен электрондық архивтерді пайдалана отырып іс-қағаздарын жүргізу мәселелері бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

3) осы бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың сақталуын тексеру парағы;

4) осы бірлескен бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы тұрғысынан электрондық құжаттар мен электрондық архивтерді пайдалана отырып іс-қағаздарын жүргізу мәселелері бойынша тексеру парағы бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.