16-тармақтың 54) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
54) 106-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әуежайдың, тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпанияның бірінші басшысына тікелей бағынатын және оның Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша тағайындалатын орынбасары (аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысын қоспағанда) болып табылатын, авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес тиісті оқудан өткен және жұмысқа жіберілетін Қазақстан Республикасының азаматы тиісінше әуежайдың, тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпанияның, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы бола алады.»;
4-тармақтағы «уәкілетті органмен» деген сөздер «азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 55) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
55) 107-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «уәкілетті органда» деген сөздер «уәкілетті ұйымда» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат):
2-баптың 2-тармағындағы «2020» деген цифрлар «2025» деген цифрлармен ауыстырылсын.
18-тармақ 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
18. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 5 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
140-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасына сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударымдарды жүзеге асырады.».
19. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 71-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 16, 56-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2019 жылғы 5 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету - пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге тартылған және арналған адамдарды, багажды және жүктерді кемелермен тасымалдау жөніндегі қызмет, сондай-ақ пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды қолдап отыру үшін пайдаланылатын Қазақстан Республикасының порттарына, теңіз терминалдарына, айлақтық құрылысжайларына және арналарға қызмет көрсетуге және оларды пайдалануға кемелерді пайдаланумен байланысты қызмет;»;
2) 16-1-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өту құқығы:
1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі жұмыстарды орындау мақсатында, сондай-ақ теңіз объектілерін, жүзбелі бұрғылау қондырғыларын құру, пайдалану және қолдану мақсатында кейіннен Қазақстан Республикасының порттарына, теңіз терминалдарына немесе айлақтық құрылысжайларына келе отырып, Қазақстан Республикасының порттарынан, теңіз терминалдарынан немесе айлақтық құрылысжайларынан Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігіне шығатын қазақстандық және шетелдік кемелерге;
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету мақсатында кейіннен Қазақстан Республикасының теңіз өткізу пункттеріне немесе Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарға келе отырып, Қазақстан Республикасының теңіз өткізу пункттерінен немесе Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындардан Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігіне шығатын қазақстандық және шетелдік кемелерге;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі басым деп айқындаған жобаларды іске асыру шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету мақсатында кейіннен Қазақстан Республикасының порттарына, теңіз терминалдарына немесе айлақтық құрылысжайларына келе отырып, Қазақстан Республикасының порттарынан, теңіз терминалдарынан немесе айлақтық құрылысжайларынан Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігіне шығатын қазақстандық және шетелдік кемелерге беріледі.»;
19-тармақтың 2) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары 2019 ж. 24 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген жағдайларда қазақстандық және шетелдік кемелер өздігінен жүзетін кемеде кеменің тұрған жері туралы ақпаратты автоматты түрде тұрақты беруді қамтамасыз ететін техникалық бақылау құралдары болған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің рұқсаты негізінде шекаралық және өзге де бақылау түрлерінен өтпей, Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өте алады.»;
3-тармақтағы «Құрылықтық қайраңда орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық және шетелдік теңіз кемелерінің» деген сөздер «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 22-1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою кезінде жүргізілетін іс-шараларға тартылған кемелерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған басым жобаларды іске асыру шеңберінде тартылған кемелерге;»;
4) 55-баптың 12-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқсаттарды қолданудың кеңістіктік және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;»;
5) 62-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқсаттарды қолданудың кеңістіктік және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді.».
20. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 40-1) тармақшамен толықтырылсын:
«40-1) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған және механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізуді, дамытуды, интеграциялауды және қолдап отыруды жүзеге асыратын акционерлік қоғам;»;
2) 11-бап мынадай мазмұндағы 5-5) тармақшамен толықтырылсын:
«5-5) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарға қойылатын талаптарды бекітеді;»;
3) 23-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы уақтылы орындалмаған қаулысы және (немесе) айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамасы бар адамға оларды орындағанға дейін мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуға;»;
4) 34-бап алып тасталсын;
5) 54-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жол парағын, алып жүретін жүкке арналған құжатты (тауар-көліктік жүкқұжатты) және көлік құралына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттарды өзімен бірге алып жүруге және ішкі істер органдарының, көліктік бақылау органдарының және мемлекеттік кірістер органдарының осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының талабы бойынша оларға тексеру үшін беруге;»;
6) 67-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы және 7) тармақшасындағы «болған;» деген сөз «болған жағдайда тыйым салынады.» деген сөздермен ауыстырылып, 8) тармақшасы алып тасталсын;
7) 74-баптың 2-тармағында:
төртінші абзацтағы «С1» санатына» деген сөздер «С1» кіші санатына» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы «D1» санатына» деген сөздер «D1» кіші санатына» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 77-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының басшысында «оқытушы» немесе «өндірістік оқыту шебері» не «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілік куәліктерінің болуы міндетті.»;
9) 82-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аттестаттауға мынадай талаптардың біреуіне сай келетін:
1) жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі, өздері оқыту жүргізетін санат бойынша жүргізуші куәлігі;
2) өздері оқыту жүргізетін санат бойынша кемінде бес жыл жүргізуші өтілі бар адамдар жіберіледі.»;
10) 88-бап мынадай мазмұндағы 6-1 және 14-тармақтармен толықтырылсын:
«6-1. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу тәртібі механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігі қағидаларында айқындалады.»;
«14. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы:
механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесі мәліметтерінің анықтығын және қорғалуын;
уәкілетті орган мен көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне қол жеткізуін;
механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері иелерінің дербес деректері туралы мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді.».
21. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-І, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
9-1-баптың 1-тармағындағы «жол-патрульдік полиция» деген сөздер «патрульдік полиция» деген сөздермен ауыстырылсын.
22. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 3 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 5 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;):
22-тармақтың 1) тармақшасы 2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
1) 3-баптың 2-тармағының 9) тармақшасындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтың 2) тармақшасы 2019 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 36-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия (немесе) лицензияға қосымша берудің ерекше шарттары «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Лицензияға қосымшада лицензия берудің ерекше шарттары ретінде лицензиат жолаушылар мен багаж тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралының маркасы, шығарылған жылы және мемлекеттік тіркеу нөмірі көрсетіледі.»;
22-тармақтың 3) тармақшасы 2019 ж. 15 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
3) 2-қосымшаның 188-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«