Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 31 наурыздағы № 87-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 36-бабы 3-тармағына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ереженің 19-тармағы 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру ережелері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Кадр жұмысы департаменті осы бұйрықты Агенттіктің аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
| Төраға | Ж. Элиманов |
Қаржылық мониторинг агенттігінің
2025 жылғы 31 наурыздағы
№ 87-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру
ережелері
1. Қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеп-тексеру қызметі қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастырудың осы ережелері (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 36-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және қаржылық мониторинг органдарының қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.