«Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 18 қазандағы № 892 бұйрығы

«Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 18 қазандағы № 892 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16376 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Жеке сот орындаушысын бақылауды өткізу мерзімі он жұмыс күннен аспайтын уақытты құрайды.

Бақылауды жүргізу жеке сот орындаушысының уақытша жұмысқа қабілетсіздігі мерзімінде уақытша тоқтатылады.

Жеке сот орындаушысы еңбек демалысында болған кезде немесе басқа себептермен болмаған жағдайда бақылауды өткізу мерзімі ауыстырылады.

Бақылауды белгілейтін уәкілетті лауазымды тұлға жеке сот орындаушысына бақылауды жүргізу мерзімін ұзартуды, тоқтата тұруды және ауыстыруды жүзеге асырады.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Шағым, өтініш, хабар не басқа да ақпарат уәкілетті органға немесе аумақтық әділет органына түскен кезде жеке сот орындаушысын жоспардан тыс бақылау тиісті әділет органының уәкілетті тұлғасының бұйрығымен тағайындалады.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Шағым, өтініш, хабар не басқа да ақпарат Жеке сот орындаушыларының республикалық немесе өңірлік палатасына түскен кезде жеке сот орындаушысын жоспардан тыс бақылау жеке сот орындаушыларының тиісті палатасының уәкілетті тұлғасының бұйрығымен тағайындалады.»;

18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.