(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2015.10.07 № 211 ҚАУЛЫСЫ

«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 211 Қаулысы

 

Осы редакция 2015 жылғы 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Ж. Мұқанға жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығының қолданысқа енгізілуінен бұрын емес.

 

 

 

Атырау облысы әкімдігінің

2015 жылғы 10 шілдедегі

№ 211 қаулысына қосымша

 

Атырау облысы әкімдігінің

2015 жылғы 10 шілдедегі

№ 211 қаулысымен бекітілген

 

 

«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, Атырау қаласы мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары, білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.