Осы редакция 2017 жылғы 23 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы
17 қыркүйектегі № 281 қаулысына
3-қосымша
Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмдiгiнiң 2016.24.10. № 276 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы
үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.24.10. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмдiгiнiң 2016.24.10. № 276 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет) Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар аудандары мен қалалары жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - Орталық) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде.
Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмдiгiнiң 2016.24.10. № 276 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі.