«Талдықорған қаласындағы бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» Жетісу облыстық мәслихатының 2025 жылғы 2 мамырдағы № 27-168 шешімі

Талдықорған қаласындағы бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Жетісу облыстық мәслихатының 2025 жылғы 2 мамырдағы № 27-168 шешімі

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 11-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Талдықорған қаласындағы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері бекітілсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мәслихат төрағасы

Г. Тойлыбаева

 

Жетісу облыстық мәслихаты

2025 жылғы 2 мамырдағы

№ 27-168 Шешімге қосымша

 

 

Талдықорған қаласындағы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету

коэффициенттерi

 

Бағалау аймағының нөмірі

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Бағалау аймақтарының

шекаралары

Талдықорған қаласы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.