(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТАРАН АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ № 1, № 2, № 4 ҰҢҒЫМАЛАР...

Таран ауданының аумағындағы № 1, № 2, № 4 ұңғымаларының учаскесінде «Викторовское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылық-ауыз сумен су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 7 қыркүйектегі № 394 Қаулысы

 

Осы редакция 2019 жылғы 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сәйкес Таран ауданының аумағындағы № 1, № 2, № 4 ұңғымаларының учаскесінде «Викторовское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі

Н. Садуақасов

 

КЕЛІСІЛГЕН:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.