«Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 366 бұйрығы
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 141 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін;
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мәдениет және өнер істері, архив ісі және құжаттама департаменттері заңнамада белгiленген тәртiпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) ресми жарияланған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.