«Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 01 сәуірдегі № 122 қаулысына толықтыру енгізу туралы» «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 10 маусымдағы № 151 Қаулысы
Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 122 «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесіне:
15-тармақты мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтыру:
«8) Лисаков қаласында және Октябрь кентінде көрнекі ақпаратты орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады.»