«Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 6 қыркүйектегі № 306 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19753 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларында:
2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) қысқа/орта мерзімді облигациялар есебінен қаржыландыру бойынша жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесі - кредиттік серіктестіктерді, екінші деңгейдегі банктерді, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды, өңірлік инвестициялық орталықтарды және микроқаржы ұйымдарын және түпкілікті қарыз алушыларды қоспағанда, қарыз алушылар үшін мөлшері жылдық 5 (бес)%-тен аспайтын, кредиттік серіктестіктер, екінші деңгейдегі банктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, өңірлік инвестициялық орталықтар мен микроқаржы ұйымдары үшін жылдық 3 (үш)%-тен аспайтын сыйақы мөлшерлемесі;»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. 2024 жылғы 1 қаңтардан кейін тартылған астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитенттің облигациялық қарыздары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау мынадай шарттарда жүзеге асырылады:
1) субсидиялау әрбір облигациялық қарыз сомасынан төлемнің әрбір кезеңіне арналған сыйақы мөлшерлемесінің толық мөлшерін құрайды;
2) облигациялық қарызды өтеу мерзімі - Проспектінің шарттарына сәйкес.