«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 30 қазандағы № 85/қе бұйрығы

 «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 30 қазандағы № 85/қе бұйрығы

 

2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 83-бабы екінші бөлігіне және «Қазақстан Республикасының құқықтық актілері туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9842 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Сотталған әскери қызметшілерді әскери полиция органдарының гауптвахтасына қабылдау мен орналастыру»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Сотталған әскери қызметшілерді жеке тінту, саусақтарының таңбасын алу, суретке түсіру және жеке заттарын тексеріп қарау»;

4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Сотталған әскери қызметшілерден сақтау мен пайдалануға тыйым салынған құжаттар, бұйымдарды, заттар, құндылықтар, ақшалар мен азық-түліктерді алу»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.