«Бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын мониторингтеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 265 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 21 шілдедегі № 271 бұйрығы

«Бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын мониторингтеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 265 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 21 шілдедегі № 271 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын мониторингтеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 265 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28102 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын мониторингтеу әдістемесінде:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мониторинг жоба картаға енгізілген сәтінен бастап жауапты мемлекеттік органмен тоқсан сайын жүргізіледі.

Жауапты мемлекеттік орган Бірыңғай индустрияландыру картасының жобаларын Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға интеграциялауды жүзеге асырады.»

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Пайдалануға берілгенге дейінгі мониторинг мынадай көрсеткіштерді тексеру және өңдеу кіретін жобаның ағымдағы жай-күйін талдауды көздейді:

1) негізгі капиталға салынған ағымдағы инвестиция көлемінің жалпы инвестиция көлеміне қатынасымен есептелетін инвестицияларды игеру;

2) жобаның құрылысы кезеңінде тартылған жұмыс орындарының санымен анықталатын, уақытша жұмыс орындарының саны;

3) орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) ағымдағы көлемінің жоба бойынша жалпы құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлеміне қатынасымен есептелетін, орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) пайызы;

4) жобаны пайдалануға беру мерзімі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.