«Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының м.а. 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 711 бұйрығы

«Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының м.а. 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 711 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының м.а. 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6394 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 тамыздағы № 342-343 (26186) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.