Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/618 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 16 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 46-19) тармақшасын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 7-1/618 бұйрығымен
бекітілген
Эпизоотиялық мониторинг жүргізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-19) тармақшасына сәйкес жасалды және эпизоотиялық мониторинг жүргізу тәртібін орнатады.
2. Эпизоотиялық мониторинг мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарымен (бұдан әрі - Ветеринариялық ұйымдар) жүргізіледі.
Эпизоотиялық мониторинг жүргізген кезде:
1) ветеринария саласындағы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган және (немесе) олардың ведомстволарының;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінің;
3) ветеринария саласындағы ғылымдар, ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдерінің;
4) ветеринария саласындағы халықаралық сарапшыларының қатысуына рұқсат етіледі.
3. Эпизоотиялық мониторинг:
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.