«Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне немесе мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүдделерiне келтiрiлген немесе келтiрiлуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәлiметтер көздерiнiң иесiне оларды құпияландыру нәтижесiнде келтiрiлетiн зиянның мөлшерiн анықтау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 701 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 861 Қаулысы

«Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне немесе мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүдделерiне келтiрiлген немесе келтiрiлуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәлiметтер көздерiнiң иесiне оларды құпияландыру нәтижесiнде келтiрiлетiн зиянның мөлшерiн анықтау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 701 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 861 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне немесе мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүдделерiне келтiрiлген немесе келтiрiлуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәлiметтер көздерiнiң иесiне оларды құпияландыру нәтижесiнде келтiрiлетiн зиянның мөлшерiн анықтау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 701 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәліметтер көздерінің иесіне оларды құпияландыру салдарынан келтірілетін зиянның мөлшерін айқындау қағидаларын бекiту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса берiліп отырған Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәліметтер көздерінің иесіне оларды құпияландыру салдарынан келтірілетін зиянның мөлшерін айқындау қағидалары бекiтiлсiн.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.