«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 қазандағы № 966 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 қазандағы № 966 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

1- тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«15) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен Министрлік құзыретіне жатқызылған басқа да салаларда.»;

7- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.»;

12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер Министрлікке Қазақстан Республикасының заңдарымен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Министрліктің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері»;

13-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«13) салық органының цифрлық объектілерін қалыптастыру, олардың дамуын және салық төлеушілер үшін электрондық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету.»;

14-тармақта:

1) тармақшада:

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды адамдарынан және өзге де адамдардан, шет мемлекеттің құзыретті органдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату, алу және оларға беру;»;

төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.