Кәсіптік стандарт: «Өндірістік логистика» (Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 4 мамырдағы № 114 бұйрығына 4-қосымша)

Қазақстан Республикасы

Көлік министрінің м.а.

2026 жылғы 4 мамырдағы

№ 114 бұйрығына 4-қосымша

 

 

Кәсіптік стандарт: «Өндірістік логистика»

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: «Өндірістік логистика» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33401 болып тіркелген) бекітілген Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидаларына сәйкес әзірленді және білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, қызметкерлердің кәсіби қызметті стандарттау саласындағы қызметін жүзеге асыруы, оның ішінде белгілі бір еңбек функцияларын орындауы үшін қажетті біліктілік деңгейлерін айқындауға, сондай-ақ жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде қолдануға арналған.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:

1) айналма маршрут - бір жүк жөнелтуші бір жүк жөнелту станциясынан бір станцияға тағайындалған бір жүк алушының атына біртекті жүкпен тиелген және бір теміржол көлігі жүкқұжатымен (бұдан әрі-жүкқұжат) ресімделген вагондардан тұратын, бос вагондарды бастапқы жөнелту станциясына түсіру астынан жүз пайыз қайтару кезінде белгіленген салмақ пен ұзындықтағы пойыздың құрамы;

2) білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;

3) вагондарды беру-жинау - вагондарды маневрлік локомотивпен: станциялық жолдардан - тиеу, түсіру (түсіру) орындарына, кірме жолдарға; кірме жолдарда-қабылдау-тапсыру (көрме) жолдары мен контрагентті тиеу, түсіру (түсіру) орындары арасында ауыстыру;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.