3. Осы Кодекстің 158-бабының 3-тармағына сәйкес салықтық зерттеп-қарау актісінің негізінде салықтық тексеру аяқталған және салық органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген хабарламаларды пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, мұндай хатты пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қайтару күні мұндай хабарламаларды табыс ету күні болып табылады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Салық органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 5), 10), 11) және 12) тармақшаларында көзделген хабарламаларды пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, салық органы осындай хабарламаны қайтарған күннен кейінгі күннен кешіктірмей салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, атауын немесе тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), хабарламаның қайтарылу күнін көрсете отырып, ол туралы ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық органы осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 2) - 5), 10), 11), 12) және 14) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларды жіберген жағдайда, салықтық міндеттеме және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелер салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.
6. Салық төлеуші осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген таратудың салықтық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламалармен толық келіскен жағдайда, салық төлеуші мұндай келісу туралы өтінішті хабарламаларда көрсетілген, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелердің, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді аудару жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып ұсынады.
Бұл ретте салық төлеуші таратудың салықтық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламалармен келісетіні туралы өтінішті хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап жиырма бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына ұсынады.
7. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген хабарламаларды табыс ету және орындау тәртібі осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген хабарламалардың көшірмелеріне де қолданылады.
8. Салық органдары осы Кодекстің 114-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайда салық төлеуші өтініш жасаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мұндай салық төлеушіге осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген хабарламалардың түпнұсқасын береді.
9. Осы Кодекстiң 114-бабы 2-тармағының 13) тармақшасында көзделген хабарламаны салық органы электрондық тәсілмен не хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберуге және салық төлеушi (салық агентi) хабарлама жiберiлген күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде орындауға тиiс.
13-тарау. МЕРЗІМІНДЕ ОРЫНДАЛМАҒАН САЛЫҚТЫҚ
МІНДЕТТЕМЕНІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТӘСІЛДЕРІ
116-бап. Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде орындалмаған салықтық міндеттемесін орындау мынадай:
1) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің төленбеген сомасына өсімпұлды есепке жазу;
2) салық төлеуші (салық агенті) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның банктік шоттары (корреспонденттiкті қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
3) салық төлеуші (салық агенті) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
4) салық төлеуші (салық агенті) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Егер салықтық міндеттемелерді орындау осы Кодекстің 722-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес операторға жүктелсе, онда мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің:
осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген тәсілдері операторға қатысты қолданылады;
осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдері бір мезгілде операторға және жай серіктестіктің (консорциумның) әрбір қатысушысына қатысты қолданылады.
2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері осы Кодекстің 118, 119 және 120-баптарында белгіленген мерзімдерде қолданылады.
Екінші бөліктің қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 11-бабының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану басталғанға дейін тәуекел деңгейі орташа және жоғары салық төлеушіге (салық агентіне), осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама жіберіледі.
2-тармақтың үшінші бөлігі 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Өсімпұлды есепке жазуды қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері осы тарауда көзделген мерзімдерде тәуекел деңгейі орташа және жоғары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) салықтық берешегі түзілген күні немесе салық төлеуші (салық агенті) тәуекел деңгейі төмен санаттан тәуекел деңгейі орташа немесе жоғары санатқа өткен күні салық төлеуші (салық агенті) жатқызылған тәуекел деңгейіне қарай қолданылады.
3. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі өзіне салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілгеннен кейін отыз жұмыс күні ішінде салықтық берешекті өтемеген жағдайда, салық органы салық төлеушіге (салық агентіне) - осы құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлғаға осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.
Заңды тұлғада біреуден астам құрылымдық бөлімше болған кезде, осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған тәртіппен мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін оған қолданғаннан кейін заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі салықтық берешекті өтемеген жағдайда, салық органы мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшесіне бір мезгілде осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.
Заңды тұлға өзіне салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілгеннен кейін отыз жұмыс күні ішінде салықтық берешекті өтемеген жағдайда, салық органы салық төлеуші - заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.
4. Осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген, мерзiмiнде орындалмаған салықтық мiндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерiнің мынадай:
1) банкрот деп танылған жағдайда - соттың салық төлеушіні банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) оңалту рәсімі қолданылған жағдайда - оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
3) берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді сот бекіткен жағдайда - соттың осындай келісімді бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда - соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған жағдайда - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күші жойылуға жатады.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған жағдайларда, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген салықтық міндеттеменің сомасы бойынша және (немесе) сот бекіткен берешекті қайта құрылымдау туралы келісімге енгізілмеген салық төлеушінің салықтық міндеттемесінің сомасы бойынша салық төлеушіге осы тараудың ережелеріне сәйкес, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері қолданылады.
5-тармақтың қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 11-бабының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Егер осы баптың 5-1-тармағында өзгеше көзделмесе, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға немесе деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда, салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне билік етуді шектеуді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қанағаттандырусыз қалдырған жағдайда, салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне билік етуін шектеуді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығарылған кезден бастап он бес жұмыс күніне тоқтатыла тұрады.
6. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаға шағым жасаған жағдайда, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрмайды.
7. Осы тараудың мақсаты үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банктік шоттарға теңестіріледі, ал бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.
8. 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
117-бап. Салықтардың және бюджетке төленетiн төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл
1. Осы баптың 2-тармағында белгiленген, салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің мерзiмiнде төленбеген сомасына есепке жазылатын мөлшер өсiмпұл деп танылады.
1) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің басқа да тәсілдерін, мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшін өзге де жауаптылық шараларын қолдануға қарамастан;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) егер осы тармақтың 2-1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, салықты және бюджетке төленетін төлемді, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мерзімі өткен әрбір күнге базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, есепті салықтық кезең үшін төмендегі салық түрлері бойынша қосымша декларацияны есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қыркүйегіне дейін ұсынған жағдайда туындаған, осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелетін корпоративтік табыс салығын және осы Кодекстің 366-бабына сәйкес айқындалған салық салынатын кірістен есептелетін жеке табыс салығын төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мерзімі өткен әрбір күнге базалық мөлшерлемесінің 0,65 еселенген мөлшерінде;
3) салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімі өзгерген, салықтық есептілікті ұсыну мерзімі ұзартылған, қосымша салықтық есептілік ұсынылған кезде;
екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар салық төлеушінің банктік шотынан ақшаны есептен шығарған;
салық төлеуші банкоматтар немесе электрондық терминалдар арқылы төлемді жүзеге асырған;
салық төлеуші, уәкілетті мемлекеттік орган көрсетілген сомаларды екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға енгізген;
салықтың, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген сомасын есепке жатқызу жүргізілген;
инкассалық өкім орындалған күнді қоса алғанда, салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің сомаларын төлеу кезінде;
5) салықтық және (немесе) кедендік тексеруді жүргізу кезінде - мұндай тексеру аяқталған күнге дейін өсімпұл есепке жазылады.
Салық төлеушінің жеке шотында тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген, есепке жазылған (есептелген) сомалар көрсетілгеннен кейін - төлеу күнін қоса алғанда, салықтық және (немесе) кедендік тексеру аяқталған күннен бастап;
6) екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға:
банктік шоттардан сомаларды есептен шығару кезектілігін сақтамағаны үшін;
оларды бюджетке аудармағаны (есепке жатқызбағаны) үшін;
мыналарды:
салық төлеушілердің банктік шоттарынан есептен шығарылған сомаларды;
салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдерді, өсімпұлды, айыппұлдарды төлеу есебіне, екінші деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларына салынған қолма-қол ақшаны;
есепке жазылған банктік сыйақыларды бюджетке уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл есепке жазылады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.20.03. № 213-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Өсімпұл:
егер салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің мерзімінде төленбеген сомасының түзілуінің бiрден-бiр себебi қызмет көрсететiн екінші деңгейдегі банктің таратылуы болып табылса, мәжбүрлеп таратылатын екінші деңгейдегі банктердің кредиторларына - соттың екінші деңгейдегі банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешiмі заңды күшiне енген күннен бастап;
егер салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің мерзімінде төленбеген сомасы түзілуінің бірден-бір себебі оларға қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы қызметінің мәжбүрлеп тоқтатылуы болса, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының кредиторларына - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап;
соттың жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы шешімі күшіне енген кезде - жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сотқа талап арыз берілген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейiн;
соттың жеке тұлғаны хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы шешiмi күшiне енген кезде - сот шешімі күшіне енген күннен бастап оның күшi жойылғанға дейiн;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылық анықталған күнтізбелік жылға дейінгі бес салықтық кезеңнің алдындағы кезең үшін үстеме пайда салығы бойынша;
салық органдары жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығының, жер салығының және көлік құралдары салығының есептелген сомаларын тиісті салықтық кезеңде осы салықтарды төлеу мерзімі басталғаннан кейін қайта қараған кезде;
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекіткен жағдайда, салық төлеушіге қатысты салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімі өзгерген кезде;
сот «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған кезде - осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап;
инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған инвестициялық салықтық кредит туралы келісім болған кезде оның қолданылу мерзімі ішінде және осындай кредит берілген салықтар бойынша;
сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған кезде - мұндай ұйғарым шығарылған күннен бастап;
сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған кезде - осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап;
берешекті қайта құрылымдау рәсімі қолданылған кезде - сот осындай рәсімді қолдану туралы шешім шығарған күннен бастап;
бұрын белгісіз болған мән-жайларды анықтауды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) алынған алдын ала түсіндірмеге сәйкес салықтық міндеттемелерді орындауы нәтижесінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзған кезде туындаған, салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің есептелген (есепке жазылған) сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.
Осы баптың мақсаты үшін бұрын белгісіз болған мән-жайлар деп салық органының берген алдын ала түсіндірмеде көрсетілген ұстанымына әсер ететін, алдында:
салық төлеушінің (салық агентінің) алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуында салық органдарының назарына жеткізілмеген;
салық төлеушінің (салық агентінің) алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуын қарау шеңберінде салық органының немесе оның лауазымды адамдарының сұрау салуларына жазбаша түсіндірулерде жеткізілмеген мән-жайлар танылады.
1) соттың салық төлеушіні банкрот деп танудан бас тарту туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда - сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) оңалту жоспарын бекітуден бас тарту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген жағдайда - сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімін қолданудан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда - сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;
2023.20.03. № 213-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) салық төлеуші «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді жасаспаған не сот осындай келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда - сот берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап;
2023.20.03. № 213-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы шешім заңды күшіне енген жағдайда - сот төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап өсімпұлды есепке жазу қайта басталады.
118-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
1. Салық төлеуші (салық агенті) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның банктік шоттары (корреспонденттікті қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен мынадай:
1) салық төлеушi (салық агенті) осы Кодексте белгіленген мерзiмде салықтық есептiлiкті ұсынбаған жағдайда - осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң;
2) салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынбаған жағдайда - осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 12) тармақшасында көзделген хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң;
3) тармақшаның қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 12-бабының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мынадай:
тәуекел деңгейі жоғары санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде салықтық берешегін өтемеген жағдайда - салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;
тәуекел деңгейі орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде салықтық берешегін өтемеген жағдайда - салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң;