510-бап. Базалық салықтық мөлшерлемелерді түзету
62-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ МЕН ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ
511-бап. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпы тәртiбi
512-бап. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің салықты есептеу тәртiбi мен төлеу мерзiмдерi
63-тарау. САЛЫҚТЫҚ КЕЗЕҢ ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПТІЛІК
64-тарау. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН ДАРА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ САЛЫНАТЫН МҮЛІК САЛЫҒЫ
518-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау
521-бап. Салықтық мөлшерлемелер
522-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
523-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу
65-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҮЛІК САЛЫҒЫ
527-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау
530-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу
531-бап. Салықтық мөлшерлемелер
532-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
535-бап. Салық салу объектілері
538-бап. Салықты есептеу тәртібі
541-бап. Салық декларациясын тапсыру мерзімі
542-бап. Салықты төлеу мерзімі
18-БӨЛІМ. БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН ТӨЛЕМДЕР
550-бап. Алымдар туралы жалпы ережелер
552-бап. Алымдарды есептеу мен төлеу тәртібі
553-бап. Тіркеу алымдарының мөлшерлемелері
554-бап. Рұқсат құжаттарын бергені үшін алым мөлшерлемелері
1-параграф. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы
557-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
558-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
2-параграф. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
563-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
3-параграф. Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы
568-бап. Салық салу объектілері
569-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
570-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
4-параграф. Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы
576-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
577-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
5-параграф. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
582-бап. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
583-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
6-параграф. Орман және өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы
587-бап. Орман және өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
588-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi
8-параграф. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы
595-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
596-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
601-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
602-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
10-параграф. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы
605-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
606-бап. Есептеу, төлеу тәртібі мен төлеу мерзімдері
11-параграф. Цифрлық майнинг үшін төлемақы
606-2-бап. Төлемақы төлеушілер
606-3-бап. Төлемақы мөлшерлемесі
606-4-бап. Салықтық кезең және салық декларациясы
606-5-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
70-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ. КОНСУЛДЫҚ АЛЫМ
608-бап. Мемлекеттік бажды төлеушілер
611-бап. Нотариаттық әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері
615-бап. Өзге де әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері
616-бап. Соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату
617-бап. Нотариаттық әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
622-бап. Өзге де әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
623-бап. Мемлекеттiк бажды төлеу тәртiбi
625-бап. Консулдық алым төлеушiлер
627-бап. Консулдық алым мөлшерлемелері
628-бап. Консулдық алым төлеуден босату
629-бап. Консулдық алымды төлеу тәртiбi
71-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ КІРІСТЕРІ МЕН МҮЛКІН ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ
1-параграф. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация
630-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация
631-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация жасау ерекшеліктері
632-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру мерзімдері
2-параграф. Кірістер мен мүлік туралы декларация
633-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларация
634-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларация жасау ерекшеліктері
635-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімдері
636-бап. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау
638-бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу
640-бап. Жеке табыс салығы бойынша асып кету
641-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияда есептелген салықты төлеу тәртібі мен мерзімдері
642-бап. Резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі
643-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация және оны тапсыру мерзімдері
19-БӨЛІМ. БЕЙРЕЗИДЕНТТЕРГЕ САЛЫҚ САЛУ
644-бап. Бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістері
645-бап. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын есептеу мен ұстау тәртібі
646-бап. Төлем көзінен табыс салығының мөлшерлемелері
647-бап. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын аудару тәртібі мен мерзімдері
648-бап. Салықтық есептілікті ұсыну
649-бап. Салықтық есептілікті ұсыну ерекшеліктері
651-бап. Салық салынатын кірісті айқындау
652-бап. Таза кіріске салық салу тәртібі
653-бап. Жекелеген жағдайларда кірістерге салық салу тәртібі
74-тарау. БЕЙРЕЗИДЕНТ-ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ КІРІСТЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ
654-бап. Бейрезидент-жеке тұлғаның салық салудан босатылған кірістері
657-бап. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны тапсыру
659-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру
660-бап. Халықаралық шартты қолдану жағдайлары
661-бап. Халықаралық шартты қолдану тәртібі
663-бап. Шығыстарды пропорционалды бөлу әдісі
665-бап. Шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі
673-бап. Бейрезиденттің өтінішін қарау және оны қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдау тәртібі
675-бап. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатқа қойылатын талаптар
677-бап. Салық жинаудағы көмек
20-БӨЛІМ. АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ
678-бап. Арнаулы салық режимдерінің түрлері
679-бап. Арнаулы салық режимiн таңдау және оны қолдануды тоқтату тәртібі
77-тарау. ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІ ҮШІН АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
683-бап. Арнаулы салық режимiн қолданудың шарттары
2-параграф. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
2-1-параграф. Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимі
686-1-бап. Арнаулы мобильді қосымша
3-параграф. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi
687-бап. Оңайлатылған декларация бойынша салықтарды есептеу
688-бап. Оңайлатылған декларацияны тапсыру мен салықтарды төлеу мерзімдері
4-параграф. Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі
692-бап. Шегерімге жатқызылатын шығыстарды айқындау тәртібі
693-бап. Қосымша тіркелген шегерім
694-бап. Салық салынатын кірісті азайту
695-бап. Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі бойынша салықтарды есептеу
77-2-тарау. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі
696-4-бап. Салықтық кезең, декларация тапсыру және салықтарды төлеу мерзімдері
78-тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІН ӨНДІРУШІЛЕР ҮШІН АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ
697-бап. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге салық салу ерекшеліктері
700-бап. Жекелеген салық түрлерін есептеу ерекшеліктері
701-бап. Салықтарды төлеу және салықтық есептілікті ұсыну мерзімдері
2-параграф. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі
704-бап. Бірыңғай жер салығын есептеу тәртібі
705-бап. Арнаулы салық режимін қолдану ерекшелiктерi
706-бап. Жекелеген салық және бюджетке төленетін төлемдер түрлерін төлеу мерзімдері
707-бап. Бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін салық декларациясын тапсыру мерзімдері
710-бап. Салықтық кезең және салықтық есептілік
80-тарау. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАСЫМ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАРҒА САЛЫҚ САЛУ
712-бап. Инвестициялық басым жобаларды іске асыратын ұйымдарға салық салу
80-1-тарау. ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ ЖАСАСҚАН ТҰЛҒАЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ
712-2-бап. Инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлғаларға салық салу
712-3-бап. Салық төлеушінің нақты шығындары сомасынан салықтық міндеттемелерді азайту тәртібі
80-2-тарау. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан тұлғаларға салық салу
712-5-бап. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан тұлғаларға салық салу
22-БӨЛІМ. ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ
81-тарау. ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ
716-бап. Экспортқа рента салығының мөлшерлемелері
23-БӨЛІМ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ
720-бап. Осы бөлімде реттелетін қатынастар
721-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері
722-бап. Жекелеген жер қойнауын пайдаланушылардың салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері
723-бап. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды салықтық есепке алу ерекшеліктері
726-бап. Қол қою бонусын есептеу тәртібі
729-бап. Қол қою бонусын төлеу мерзiмдерi
84-тарау. ТАРИХИ ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ БОЙЫНША ТӨЛЕМ
733-бап. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді белгілеу тәртібі
734-бап. Төлеу тәртібі мен мерзімдері
85-тарау. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДIРУ САЛЫҒЫ
1-параграф. Көмірсутектерге арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы
741-бап. Көмірсутектердің құнын айқындау тәртібі
742-бап. Салықты есептеу тәртібі
743-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері
746-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері
748-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері
755-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс
756-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін салық салынатын кіріс
758-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін шегерімдер
759-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығы
764-бап. Салықты төлеу мерзімі
87-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУҒА БАЛАМАЛЫ САЛЫҚ
767-бап. Жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу тәртібі
770-бап. Салықты төлеу мерзімі
776-2-бап. Бірыңғай төлемді салық салу объектісі
777-бап. Осы бөлімде пайдаланылатын негізгі ұғымдар
778-бап. Шетелдік компанияны шартты тіркеу
Осы Кодекс салық салудың негіз құраушы қағидаттарын белгілейді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Салық салу мақсаттары үшін осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ақпаратты өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер - ақпаратты жинау мен қорытуды, ақпараттық массивтерді (деректерді) жүйеге келтіруді жүзеге асыру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының билік етуіне беру бойынша көрсетілетін қызметтер;
2) арнаулы салық режимі - салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін олар бойынша салықтық есептілікті ұсынудың ерекше тәртібі;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) «Астана» халықаралық қаржы орталығы органының ұйымы «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, қатысу үлесінің (дауыс беретін акцияларының) 50 және одан да көп пайызы «Астана» халықаралық қаржы орталығының органына тікелей немесе жанама тиесілі болатын заңды тұлға.
Жанама иелену «Астана» халықаралық қаржы орталығының органына тікелей тиесілі басқа заңды тұлға арқылы «Астана» халықаралық қаржы орталығы органының иеленуін білдіреді;
3) тармақшаның қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 3-бабының редакциясында қолданылды
2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) әлеуметтік төлемдер - Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар;
4) бағалы қағаздар - акциялар, борыштық бағалы қағаздар, депозитарлық қолхаттар, пайлық инвестициялық қорлардың пайлары, исламдық бағалы қағаздар;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) бересі - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалатын бөлігінде тексеру нәтижелері туралы хабарламада, деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген сомаларды қоспағанда, салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің есептелген, есепке жазылған және мерзімінде төленбеген сомалары;
6) борыштық бағалы қағаздар - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес борыштық бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар;