(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛ...

Предыдущая страница

9. Тексерілетін салық төлеуші мен оның тікелей өнім

берушісі - салықтық мониторингке жататын салық төлеуші арасындағы операциялар бойынша қосылған құн салығы сомасының анықтығын растауды тақырыптық тексеруді тағайындаған салық органы салықтық есептілік және (немесе) салық органдарындағы электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйелері деректерінің негізінде жүргізеді.

10. Салық органы тақырыптық тексеруді жүргізу барысында «Пирамида» талдамалық есебін талдау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, өнім берушілердің атына осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны жібереді.

Бұл ретте, егер тексерілетін салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушісі тұрған жері бойынша басқа салық органында тіркеу есебінде тұрса, тақырыптық тексеру тағайындаған салық органы тиісті салық органына тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осындай берушілердің «Пирамида» талдамалық есебін талдау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюы бойынша осы Кодексе сәйкес шаралар қабылдау туралы сұрау салу жібереді.

11. Осы Кодекстің мақсаты үшін салық төлеуші (салықтық агент) ұсынған қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті және (немесе) ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде салық органдары жүзеге асыратын бақылау нәтижелері «Пирамида» талдамалық есебі болып табылады.

Бұл ретте «Пирамида» талдамалық есебі осы баптың 2-тармағында көзделген салықтық кезеңге қалыптастырылады.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12. Салықтық тексеру аяқталған күнге:

1) өнiм берушiмен өзара есеп айырысулардың анықтығын растау үшiн қарсы тексерулер жүргiзуге берілген сұрау салуларға жауаптар алынбаған;

2) тексерілетін салық төлеушінің өнім берушілері бойынша «Пирамида» талдамалық есебін талдау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған;

3) қосылған құн салығы сомаларының анықтығы расталмаған;

4) қарсы тексеру жүргізудің, оның ішінде:

өнім берушінің тұрған жері бойынша болмауы;

өнім берушінің есепке алу құжаттамасының жоғалуы себебінен мүмкін болмауына байланысты қосылған құн салығы сомаларының анықтығы расталмаған сомалар шегінде қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.

Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері мынадай:

қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар;

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін республикалық индустрияландыру картасы шеңберінде, құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 150 000 000 еселенген мөлшерін құрайтын инвестициялық жобаны іске асыратын;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын және қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап қойылған салықтық кезеңнің алдындағы соңғы 5 жылға есептелген салықтық жүктеменің 20 пайыздан кем емес орташа коэффициентіне ие;

осы Кодекстің 722-бабының 1-тармағында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын тексерілетін салық төлеушілердің тікелей өнім берушілері «Пирамида» талдамалық есебінің нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жойған жағдайда қолданылмайды.

Салықтық тексеру актiсiнде қосылған құн салығын қайтармау негiзi көрсетiледi.

13. Қосылған құн салығын қайтару уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық тексеру актісіне қорытынды негізінде мынадай жағдайларда:

1) осы Кодекстің 393-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда қайта өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты салық органының сұрау салуына жауап алынған кезде;

2) осы Кодекстің 432-бабын қолдану кезінде жүргізіледі.

14. Салықтық тексеру актісіне қорытынды тоқсанның соңғы айының 25-інен кешіктірілмей, кемінде екі данада жасалады және оған салық органының лауазымды адамы қол қояды. Салықтық тексеру актісіне қорытындының бір данасы салық төлеушіге табыс етіледі, ол аталған қорытындыны алғаны туралы басқа данада белгі қоюға міндетті.

15. Тақырыптық тексеру актісі және салықтық тексеру актісіне қорытынды бойынша расталған қосылған құн салығы асып кетуінің жалпы сомасы тексерілген кезеңге қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапта көрсетілген сомадан аспауға тиіс.

16. Егер салықтық тексеруді жүргізу кезінде өнім беруші таратылуына байланысты қызметін тоқтатса және осындай өнім берушіге қатысты таратудың салықтық тексеруі жүргізілген болса, есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын растау өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімінің және (немесе) таратуды тексеру нәтижелері ескеріле отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйелерінің мәліметтері негізінде жүргізіледі.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17-тармақ өзгертілді

17. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 434-бабына сәйкес салық төлеушіге бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру, қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған және қайтарылған асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша жоспардан тыс тақырыптық тексеру жүргізілген, сондай-ақ салық органы қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомаларының анықтығын растау мәселесін кешенді тексеруге қосқан жағдайда да қолданылады.

 

153-бап. Қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелерін қолдануға байланысты бейрезидент бюджеттен қайтаруды ұсынған табыс салығын растау мәселесі бойынша салық агенттері болып табылатын салық төлеушілерге тақырыптық тексерулер жүргізу ерекшеліктері

1. Бейрезиденттің салықтық өтініші негізінде бюджеттен табыс салығын қайтару мәселесі бойынша тақырыптық тексеру осы Кодекстің 48-бабында айқындалған тәртіппен есептелетін кезеңге осындай салықтық өтініш берген бейрезиденттің кірісінен төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша салықтық міндеттемелерді орындауы тұрғысынан салық агентіне қатысты жүргізіледі.

2. Салық органы бейрезиденттің салықтық өтінішін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тақырыптық тексеру жүргізуді тағайындауға міндетті.

3. Салық органы тақырыптық тексеруді жүргізу барысында құжаттарды мынадай тұрғыдан:

1) бейрезиденттің кірістерінен төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша салықтық міндеттемелерді салық агентінің толық орындауын;

2) бейрезиденттің осы Кодекстің 220-бабына немесе халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруын;

3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес өтініш беруші бейрезиденттің есептік тіркелуін, осы Кодекстің 76-бабында айқындалған тәртіппен салық төлеуші ретінде тіркелуін;

4) бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтініште көрсетілген деректердің анықтығын тексереді.

 

154-бап. Салық органының және өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының салықтық тексеруді жүргізу үшін аумаққа және (немесе) үй-жайға кіруі

2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Салық төлеуші (салық агенті) салық органының лауазымды адамдары нұсқаманы, сондай-ақ қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын көрсеткен кезде осы лауазымды адамдардың және өзге де мемлекеттік органдардың салықтық тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды адамдарының кірістер алу үшін пайдаланылатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) не салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге зерттеп-қарау үшін кіруін қамтамасыз етуге міндетті.

2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайына жіберілу үшін қажет болса, салық органының лауазымды адамдарында арнайы рұқсаттар болуға тиіс.

3. Салық төлеуші (салық агенті) салық органдары лауазымды адамдарының және өзге де мемлекеттік органдардың салықтық тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды адамдарының салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайына кіруіне мынадай:

2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) лауазымды адамдар нұсқаманы және (немесе) қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын көрсетпеген;

2) лауазымды адамдар нұсқамада көрсетілмеген;

3) лауазымды адамдардың салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайына арнайы рұқсаты болмаса, егер мұндай рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет болған жағдайларда бас, тартуға құқылы.

4. Салық органдарының салықтық тексеру жүргізетін лауазымды адамдарының және өзге де мемлекеттік органдардың салықтық тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды адамдарының салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайына кіруіне салық төлеуші (салық агенті) негізсіз бас тартқан және (немесе) кедергі келтірген жағдайда, рұқсат бермеу туралы акт жасалады.

5. Рұқсат бермеу туралы актіге салық органының салықтық тексеру жүргізетін лауазымды адамдары және салық төлеуші (салық агенті) қол қояды.

Салық төлеуші (салық агенті) көрсетілген актіге қол қоюдан бас тартқан кезде бас тарту себебі туралы жазбаша түсінік беруге міндетті.

Салық төлеуші (салық агенті) рұқсат бермеу туралы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, тексеру жүргізетін салық органының лауазымды адамы көрсетілген актіде бұл туралы тиісті жазба жасайды. Бұл ретте көрсетілген актіге осы Кодексте айқындалған тәртіппен тартылған куәгерлер де қол қояды.

 

155-бап. Салық органының лауазымды адамдарының салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

1. Салық органының лауазымды адамдарының салықтық тексеруді жүргізу кезінде:

1) екінші деңгейдегі банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тексерілетін тұлғаның банктік шоттарының болуы және нөмірлері туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ тексеруді жүргізу үшін қажетті, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік құпияны құрайтын салық төлеушілердің (тексерілетін тұлғалардың) шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысына қатысты құжаттар және мәліметтерді талап етуге және алуға;

2) мемлекеттік органдардан тексеруді жүргізу үшін қажетті, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес коммерциялық, банктік, салықтық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;

3) қағаз және электрондық жеткізгіштерде есепке алу құжаттамасын, сондай-ақ тексеру нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті талап етуге және алуға;

4) салықтық тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша салық төлеушіден, оның ішінде оның жұмыскерлерінен жазбаша түсініктемелер талап етуге және алуға;

5) салықтық тексеруді жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша мемлекеттік және шет мемлекеттердің өзге де органдарына (ұйымдарына) сұрау салулар жіберуге;

6) екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік құпияны құрайтын, өз клиенттерінің банктік шоттары туралы мәліметтерді қамтитын бағдарламалық қамтамасыз ету және (немесе) ақпараттық жүйесі деректерін көруге қол жеткізу құқығын қоспағанда, салық төлеушіден (салық агентінен) бастапқы есепке алу құжаттарының деректері, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпарат қамтылатын бухгалтерлік және салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған, пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізуді талап етуге құқығы бар.

Осы тармақшада белгіленген ерекшелік салық органдарының кірістер мен шығыстарға қатысты салықтық тексеруді жүргізу барысында қойылатын талаптарына қолданылмайды;

7) салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті тұрған жеріне қарамастан

зерттеп-қарауға, тексерілетін тұлғаның мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа), оның ішінде тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігіне түгендеу жүргізуге;

8) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді осы Кодексте айқындалған тәртіппен жанама әдіспен айқындауға құқығы;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.

2. Салықтық тексеруді жүргізу кезінде салық органының лауазымды адамдары:

1) тексерілетін тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға, құқыққа сыйымсыз шешімдермен және әрекеттермен (әрекетсіздігімен) тексерілетін тұлғаға зиян келтіруге жол бермеуге;

2) салықтық тексеруді жүргізу кезінде алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексерілетін тұлғаның келісімінсіз олардың мазмұнын жария етпеуге;

3) қызметтік әдепті сақтауға;

4) тексерілетін тұлғаға салықтық тексеруді жүргізу кезінде оның құқықтары және міндеттері туралы ақпарат беруге;

5) салық органының лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беруге;

6) салықтық тексеруді жүргізу кезеңінде салық төлеушінің (тексерілетін тұлғаның) белгіленген жұмыс режимін бұзбауға;

7) тексерілетін тұлғаның талап етуі бойынша тексеруді жүргізу тәртібіне қатысты осы Кодекстің ережелері туралы қажетті ақпаратты ұсынуға;

2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2020 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) салықтық тексеруді жүргізу кезінде тексерілетін тұлғаның өкілдеріне нұсқаманы, сондай-ақ өздерінің қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын көрсетуге;

9) осы Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

 

156-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

1. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеруді жүргізу кезінде:

1) тексеруді жүргізу тәртібіне қатысты осы Кодекстің және Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері туралы ақпаратты салық органынан сұратуға және олардан алуға;

2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) салықтық тексеруді жүргізетін салық органдарының лауазымды адамдарынан салықтық тексеру туралы нұсқаманы, сондай-ақ қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын көрсетуді талап етуге;

3) салықтық тексеруді жүргізу кезінде қатысуға және салықтық тексеру нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсінік беруге;

4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беруге;

5) осы Кодексте көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.

2. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексерулер жүргізу кезінде:

1) салық органы лауазымды адамдарының талап етуі бойынша белгіленген мерзімдерде құжаттар мен мәліметтерді қағаз жеткізгіште, ал қажет болған кезде, электрондық жеткізгіште де ұсынуға;

2) осы Кодекстің 23-тарауына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) жасаған есепке алу құжаттамасын ұсынуға;

3) салық органының салықтық тексеру жүргізетін лауазымды адамдарының және осындай тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды адамдардың тексерілетін тұлғаның аумағына және (немесе) үй-жайына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге және оларға жұмыс орнын беруге;

4) салықтық тексерулер барысында түгендеу жүргізуді қамтамасыз етуге;

5) салық органының салықтық тексерулер жүргізетін лауазымды адамдарының талап етуі бойынша салық төлеуші (салық агенті) қызметінің мәселелері бойынша жазбаша және ауызша түсініктемелер беруге;

6) осы Кодекстің 155-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген бағдарламалық қамтамасыз ету және (немесе) ақпараттық жүйе деректерін көруге қолжетімділік беруге;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

 

157-бап. Салықтық тексерудің алдын ала актісі

Осы Кодекстің 158-бабында көзделген салықтық тексеру актісі жасалғанға дейін салық органының лауазымды адамы салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс етеді.

Осы Кодекстің мақсаты үшін салықтық тексерудің алдын ала актісі деп Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес тексеруші жасаған, салықтық тексерудің алдын ала нәтижелері туралы құжат түсініледі.

Бұл ретте салық төлеуші салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беруге құқылы.

Осы баптың ережелері қолданылатын салық төлеушілер санаттарын, сондай-ақ салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беру, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.

 

158-бап. Салықтық тексерудің аяқталуы

1. Салық органының лауазымды адамы салықтық тексеру аяқталған соң:

1) тексеру актісін жасау орны мен күнін;

2) тексерудің түрі мен нысанын;

3) салық органының салықтық тексеру жүргізген лауазымды адамдарының лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);

4) салық органының атауын;

5) салық төлеушінің (салық агентінің) тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауын;

6) тексерілетін тұлғаның тұрған жерін, банктік деректемелерін, сондай-ақ оның сәйкестендіру нөмірін;

7) салық төлеушінің (салық агентінің) басшысы мен салықтық және бухгалтерлік есептілікті жүргізуге және салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеуге жауапты лауазымды адамдарының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);

8) алдыңғы тексеру және бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтерді (кешенді немесе тақырыптық тексерулер жүргізілген кезде);

9) тексерілетін кезеңді және тексеруді жүргізу үшін салық төлеуші (салық агенті) ұсынған құжаттар туралы жалпы мәліметтерді;

10) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылған тиісті ережелерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтардың егжей-тегжейлі сипаттамасын;

11) тексеру нәтижелерін көрсете отырып, салықтық тексеру актісін жасайды.

2. Салықтық тексеру актісі кемінде екі дана болатын санда жасалады, оған салық органының тексеру жүргізген лауазымды адамдары қол қояды.

2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру актісі табыс етілген күн салықтық тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.

Салықтық тексеру актісін алған кезде салық төлеуші (салық агенті) салық органдарының салықтық тексеру актісінің данасына қолын және оны алған күнін қоюға міндетті.

Салық төлеушінің (салық агентінің) тұрған жерінде болмауына байланысты оған салықтық тексеру актісін табыс ету мүмкін болмаған кезде осы Кодексте айқындалған тәртіппен куәгерлерді тарта отырып, салықтық зерттеп-қарау жүргізіледі. Бұл ретте салықтық зерттеп-қарау актісін жасау күні салықтық тексеру актісін табыс ету күні болып табылады.

Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру актісін алудан бас тартқан кезде осы Кодекстің 71-бабында көзделген хаттама (акт) жасала отырып, салықтық тексеру актісінде тиісті жазба жүргізіледі.

Бұл ретте хаттама (акт) жасалған күн салықтық тексеру актісін табыс ету күні болып табылады.

4. Егер салықтық тексеру аяқталған соң Қазақстан Республикасының салық заңнамасын, сондай-ақ бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын бұзушылық анықталмаса, салықтық тексеру актісіне бұл туралы тиісті жазба жасалады.

5. Салықтық тексеру аяқталған күні салық төлеушінің (салық агентінің) тұрған жері бойынша және (немесе) салықтық тексеруді жүргізу орны бойынша салық төлеуші (салық агенті) болмаған жағдайларда, салық органының салықтық тексеру жүргізген лауазымды адамы салықтық тексеру актісіне тиісті жазба жасайды.

6. Салықтық тексеру актісіне, осы Кодекстің 30-бабына сәйкес салықтық құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, құжаттардың қажетті көшірмелері, салық органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және салықтық тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса беріледі.

7. Егер таратудың салықтық есептілігі алынған күннен бастап таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезеңде салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаса, мұндай міндеттемелер өсімпұл есепке жазылмай және айыппұл санкциялары қолданылмай, салықтық тексеру актісіне қосымшада көрсетіледі.

 

159-бап. Салықтық тексерудің нәтижелері бойынша шешім

1. Салықтық тексеру аяқталған соң салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің сомаларын есепке жазуға, залалдардың азаюына, бейрезиденттердің кірістерінен төлем көзінен ұстап қалынған қосылған құн салығының және (немесе) корпоративтік (жеке) табыс салығының асып кету сомаларын қайтарудың расталмауына алып келетін бұзушылықтар анықталған жағдайда, салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарады, ол осы Кодекстің 114 және 115-баптарына сәйкес белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық төлеушіге (салық агентіне) жіберіледі (табыс етіледі).

2. Салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаны және салықтық тексеру актісін тіркеуді бір нөмірмен жүзеге асырады.

3. Тексеру нәтижелері туралы хабарламада мынадай деректемелер мен мәліметтер қамтылуға тиіс:

1) хабарлама мен салықтық тексеру актісінің тіркелген күні және нөмірі;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауы;

3) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;

4) есепке жазылған салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдер мен өсімпұлдардың сомасы;

5) азайтылған залалдар сомасы;

6) қосылған құн салығының қайтаруға расталмаған асып кету сомасы;

7) бейрезиденттердің кірістерінен төлем көзінен ұстап қалынған корпоративтік (жеке) табыс салығының қайтаруға расталмаған сомасы;

8) төлеу туралы талап және төлеу мерзімдері;

9) тиісті салықтардың және бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың деректемелері;

10) шағым жасау мерзімдері мен орны.

4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жүргізілетін салықтық тексеру жағдайында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілетін салық төлеушіні тексеру нәтижелері туралы хабарлама қылмыстық істі қарау аяқталғаннан кейін шығарылады.

Бұл ретте тексеру нәтижелері туралы хабарлама қылмыстық істің аяқталғанын растайтын ресми құжат алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей шығарылады және салық төлеушіге табыс етіледі.

5. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама салық төлеушінің (салық агентінің) жеке өзіне табыс етілуге және оның қолымен куәландырылуға немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілуге тиіс. Хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілген тексеру нәтижелері туралы хабарлама, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, пошта байланысы немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасына салық төлеушінің (салық агентінің) алғандығы туралы белгі қойылған күннен бастап салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілді деп есептеледі.