Уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін бақылау жылына бір реттен жиі жүзеге асырылмайды.
4. Бақылау жүргiзу мерзiмiнiң өтуі уәкiлеттi мемлекеттік органға салық органының құжаттарды ұсыну туралы талаптарын табыс ету күнi мен уәкiлеттi мемлекеттік органның бақылауды жүргiзу кезiнде сұратылатын құжаттарды ұсыну күнi арасындағы, сондай-ақ салық органының басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы аумағында қызметiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға сұрау салуды жiберу күні мен көрсетілген сұрау салу бойынша мәлiметтер мен құжаттарды алу күні арасындағы уақыт кезеңiне тоқтатыла тұрады.
5. Бақылау мерзiмiн тоқтата тұру (қайта бастау) кезінде салық органдары уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлама жібереді, онда мынадай деректемелер:
1) бақылауды жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы хабарламаның салық органында тiркелген күнi мен нөмiрi;
3) тексерiлетiн уәкiлеттi мемлекеттік органның атауы және сәйкестендiру нөмiрi;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) тоқтатыла тұрған (қайта басталған) шешімнің күні мен тіркеу нөмірі;
5) бақылауды тоқтата тұру (қайта бастау) қажеттігінің негіздемесі;
6) бақылауды жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы хабарламаны табыс ету және алу күні туралы белгі көрсетіледі.
Бақылау мерзімін, кезеңін ұзарту, тоқтата тұру және (немесе) бақылауға қатысушылардың тізімін өзгерту кезінде шешімге уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қосымша шешім ресімделеді.
6. Бақылау аяқталған соң салық органының лауазымды адамы бақылау актiсiн жасайды, онда:
1) бақылау жүзеге асырылған жер, бақылау актiсi жасалған күн;
3) салық органының бақылауды жүргiзген лауазымды адамдарының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
4) уәкiлеттi мемлекеттік органның атауы, сәйкестендiру нөмiрi және мекенжайы;
5) уәкiлеттi мемлекеттік орган басшысының және лауазымды адамдарының тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
6) келiсiмiмен және қатысуымен бақылау жүзеге асырылған уәкiлеттi мемлекеттік органның лауазымды адамдарының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
7) алдыңғы бақылау туралы және бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәлiметтер;
8) жүргiзiлген бақылау нәтижелерi;
9) басқа да мемлекеттік органдардың бақылауды жүзеге асыруға тартылатын мамандарының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) көрсетіледі.
7. Уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамы бақылау актісінің данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, салық органының бақылауды жүзеге асыратын жұмыскерi куәгерлердi (кемінде екеу) тарта отырып, қол қоюдан бас тарту туралы акт жасайды. Бұл ретте қол қоюдан бас тарту туралы актiде:
2) салық органының акт жасаған лауазымды адамының тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
3) тартылған куәгерлердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi, тұрғылықты жерi;
4) шешімнің нөмiрi, күнi, уәкілетті мемлекеттік органның атауы, оның сәйкестендiру нөмiрi;
5) шешім данасына қол қоюдан бас тартудың мән-жайлары көрсетiледi.
8. Бақылаудың нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар болған кезде салық органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талап шығарады.
Салық органы уәкiлеттi мемлекеттiк органға бақылау актiсiнде көрсетiлген бұзушылықтарды осы мемлекеттік органның жою қажеттiгi туралы қағаз жеткізгіште жiберген хабарламасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талап (бұдан әрi - талап) деп танылады. Талап нысанын уәкілетті орган белгiлейдi.
Талапта:
уәкiлеттi мемлекеттік органның атауы;
сәйкестендiру нөмiрi;
талапты жiберу үшiн негiз;
талап жiберiлген күн;
уәкiлеттi мемлекеттік орган бюджетке өндiрiп алуға жататын сома көрсетiледi.
Талап тексерілетін уәкiлеттi мемлекеттік органның бірiншi басшысына (бірiншi басшыны алмастыратын адамға) бақылау актiсi табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрілмей, жеке өзіне қолын қойғызып не жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсiлмен жiберiлуге тиiс.
Талапты уәкiлеттi мемлекеттік орган табыс етілген (алынған) күнінен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде орындауға тиіс.
9. Бақылау нәтижелерi бойынша анықталған салықтық берешек сомаларын өндiрiп алуды салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық алынуы және уақтылы аударылуы үшiн жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
10. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ мәліметтердің салық органдарына анық және уақтылы ұсынылуы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
176-бап 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
176-бап. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылау
Салық органдары:
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының аумағымен тауарларды алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде;
2) тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде;
3) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттеме мынадай мерзімдерде:
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағымен алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде - тауарларды алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталғаннан кешіктірілмей;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына:
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелу кезінде - кедендік тазарту жүргізілген тауарларды алып өту, өткізу басталғаннан кешіктірілмей;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелу кезінде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде - тауарларды алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталғаннан кешіктірілмей;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде автомобиль өткізу пунктінде туындайды.
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттеме қолданылатын тауарлардың тізбесін, сондай-ақ ресімдеу тәртібі мен олардың құжат айналымын уәкілетті орган белгілейді.
2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 176-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
176-1-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлардың айналымын қадағалап отыру
1. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлардың айналымын қадағалап отыру Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес ұлттық қадағалап отыру жүйесі пайдаланыла отырып, қадағалап отыруға жататын тауарларды және осындай тауарлардың айналымына байланысты операцияларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, қадағалап отыруға жататын тауарлар және осындай тауарлардың айналымына байланысты операциялар туралы мәліметтерді жинауды, есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ететін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі ұлттық қадағалап отыру жүйесі болып табылады.
3. Қадағалап отыруға жататын тауарлардың айналымын жүзеге асыратын салық төлеушілер:
электрондық құжаттар түрінде ресімдеу техникалық іркілістерден болған ақпараттық жүйелердің жарамсыздығына, байланыс құралдарының (телекоммуникация желілерінің және Интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желісінің) жұмысының бұзылуына, электр энергиясының өшіп қалуына байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта белгіленген тәртіппен айқындалған өзге де жағдайларда мүмкін болмайтын жағдайды қоспағанда, ілеспе құжаттарды электрондық құжаттар түрінде ресімдеуге;
ұлттық қадағалап отыру жүйесіне енгізілуге жататын толық және анық мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Электрондық шот-фактура ұлттық қадағалап отыру жүйесінің ілеспе құжаты болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттан туындайтын тауарлардың айналымын қадағалап отыру жөніндегі міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін салық төлеушілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес қадағалап отыруға жататын тауарлардың айналымын қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеуін;
2) ұлттық қадағалап отыру жүйесінде қамтылған қадағалап отыруға жататын тауарлар және осындай тауарлардың айналымына байланысты операциялар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше тиісті мемлекетке жіберуді қамтамасыз етеді.
6. Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4-бөлімнің тақырыбы өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-БӨЛІМ. ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ, ДЕҢГЕЙЛЕС МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ЖӘНЕ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 21-тараудың тақырыбы өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-тарау. ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАҒА, ДЕҢГЕЙЛЕС МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАҒА ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ
177-бап. Жалпы ережелер
1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау осы Кодекстің 178 - 186-баптарында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, сондай-ақ деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасауға құқылы.
178-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру тәртібі
1. Салық төлеушiнің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымы салық төлеушiге (салық агентіне) хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде уәкілетті органға берiледi.
Бұл ретте салық төлеушi (салық агентi) шағымның көшiрмесiн салықтық тексеру жүргiзген және салық төлеушiнің (салық агентiнің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне қарсылығын қараған салық органдарына жiберуге тиiс.
Беру тәсiлiне қарай уәкілетті органға шағымды беру күнi:
1) келу тәртібімен берілгенде - уәкілетті орган шағымды тіркеген күн;
2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) пошта арқылы берілгенде - пошта немесе өзге байланыс ұйымының қабылдау туралы белгiсi қойылған күн;
2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) электрондық тәсілмен - «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жіберілген күн болып табылады.
Бұл тәсіл Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеушіге (салық агентіне) қолданылады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, шағымды беруші салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішхаты бойынша осы мерзімді шағымды қарайтын уәкілетті орган қалпына келтіруі мүмкін.
3. Уәкілетті орган шағымды берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған кезде) еңбекке уақытша жарамсыздығын дәлелді себеп ретінде таниды.
Осы тармақтың ережесі салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда аталған адамдар болмаған кезде оларды алмастыратын адамдардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.
Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағымды берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатқа осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.
4. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымды берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатын, салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішхатты осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде аталған адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда, қанағаттандырады.
5. Уәкілетті органға шағымды берген салық төлеуші (салық агенті) осы шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде оны кері қайтарып ала алады. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымды кері қайтарып алуы осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімдер сақталған жағдайда, оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.
Салық төлеуші (салық агенті) тақырыптық тексеру тағайындалған күннен бастап оны аяқтаған күнге дейінгі кезеңде шағымды кері қайтарып алуды жүргізуге құқылы емес.
179-бап. Салық төлеуші (салық агенті) шағымының нысаны мен мазмұны
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жазбаша нысанда беріледі.
1) шағым берілетін уәкілетті органның атауы;
2) шағым беретін тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);
4) салықтық тексеру жүргізген салық органының атауы;
5) шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;
6) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымға қол қойған күнi;
7) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
3. Шағымда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
4. Шағымға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.
1) салық төлеуші (салық агенті) өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;
2) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса беріледі.
180-бап. Шағымды қараудан бас тарту
1) салық төлеуші (салық агенті) шағымды осы Кодекстің 178-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген шағым жасау мерзімін өткізіп алып берген;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы осы Кодекстің 179-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) салық төлеуші (салық агенті) үшін шағымды оның өкілі болып табылмайтын адам берген;
4) салық төлеуші (салық агенті) шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап арыз берген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудан бас тартады.
2. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, шағым тіркелген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiге (салық агентiне) шағымды қараудан бас тарту туралы жазбаша нысанда хабар береді.
Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) сотқа жүгіну фактісі белгіленген күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге (салық агентіне) шағымды қараудан бас тарту туралы мұндай бас тартудың себебін көрсете отырып, жазбаша нысанда хабар береді.
3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда уәкілетті органның шағымды қараудан бас тартуы, егер салық төлеушi (салық агентi) жол берiлген бұзушылықтарды жойған болса, оны осы Кодекстiң 178-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде белгiленген мерзiм шегiнде шағымды қайтадан беру құқығынан айырмайды.
181-бап. Уәкілетті органға жіберілген шағымды қарау тәртібі
1. Осы Кодекстің 183-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, салық төлеушiнiң (салық агентінің) шағымы бойынша - шағым тiркелген күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде, ал салықтық мониторингке жататын салық төлеушілердің шағымдары бойынша шағым тiркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде уәжді шешiм шығарылады.
2. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде осы Кодекстің 186-бабында айқындалған тәртіппен тақырыптық тексеру, сондай-ақ қайталама тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы.
3. Шағым салық төлеуші (салық агенті) шағым жасаған мәселелер шегінде қаралады.
4. Салық төлеуші (салық агенті) шағымды қарауға салықтық тексеру барысында ұсынбаған құжаттарын берген жағдайда, уәкілетті орган мұндай құжаттардың анықтығын осы Кодекстің 186-бабында айқындалған тәртіппен тағайындалатын тақырыптық және (немесе) қайталама тақырыптық тексерулер барысында анықтауға құқылы.
5. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде, қажет болған жағдайда:
1) салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) салықтық тексеру жүргізген және салық төлеушiнің (салық агентiнің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне қарсылығын қараған салық органдарына шағымда жазылған мәселелер бойынша жазбаша нысанда қосымша ақпарат не түсініктеме беру туралы сұрау салулар жіберуге;
2) мемлекеттік органдарға, шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға осындай органдар мен ұйымдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша сұрау салулар жіберуге;
3) шағымда жазылған мәселелер бойынша салық төлеушімен (салық агентімен) кездесулер өткізуге;
4) салықтық тексеруді жүргізуге қатысқан және салық төлеушiнің (салық агентiнің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне қарсылығын қараған салық органдарының қызметкерлерінен туындаған мәселелер бойынша қосымша ақпарат және (немесе) түсініктеме сұратуға құқылы.
6. Шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысы бар адамдарға қандай да бір ықпал етуге тыйым салынады.
182-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару
1. Уәкілетті орган тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау үшін апелляциялық комиссия құрады.
Апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені уәкілетті орган айқындайды.
Уәкілетті орган шағымды қарау біткен соң апелляциялық комиссияның шешімін ескере отырып, уәжді шешім шығарады.
2. Уәкілетті орган тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) шағым жасалып отырған тексеру нәтижелері туралы хабарлама - өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;
2) шағым жасалып отырған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның толық немесе бір бөлігінің күші жойылсын.
2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Шағым бойынша шешiм жазбаша нысанда шағым берген тұлғаға жіберіледі немесе табыс етіледі, ал көшiрмесi салықтық тексеру жүргізген және салық төлеушiнің (салық агентiнің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне қарсылығын қараған салық органдарына жіберіледi.
4. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда, салықтық тексеру жүргізген салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді.
5. Осы Кодексте айқындалған негізде және тәртіппен шығарылған уәкілетті органның шешімі салық органдарының орындауы үшін міндетті.
183-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту
1. Осы Кодекстің 181-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзімі мынадай:
1) тақырыптық және қайталама тақырыптық тексерулер жүргізген жағдайда - осы Кодекстің 186-бабында айқындалған тәртіппен осындай тексерулер тағайындалған күннен бастап уәкілетті орган тексеру актісін алғаннан кейін он бес жұмыс күні өткен күнге дейінгі уақыт кезеңіне;
2) мемлекеттік органдарға, шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға осындай органдар мен ұйымдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша сұрау салу жіберген жағдайда - осындай сұрау салу жіберілген күннен бастап жауап алынған күнге дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
2. Уәкілетті орган шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру туралы салық төлеушіге (салық агентіне) тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, тексеру тағайындалған және (немесе) сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде жазбаша нысанда хабарлайды.
3. Осы Кодекстің 181-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзімі мынадай:
1) салық төлеуші (салық агенті) шағымға толықтыру (толықтырулар) ұсынған жағдайда он бес жұмыс күніне ұзартылады.
Бұл ретте осы Кодекстің 181-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім шағымға кейіннен толықтырулар берудің әрбір жағдайында, осы тармақшада көрсетілген мерзімге ұзартылады;
2) уәкілетті орган шағым жасалған мәселені қосымша зерделеу қажет болған жағдайда тоқсан жұмыс күніне дейін ұзартады.
Осы тармақшаға сәйкес шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда уәкілетті орган шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама жібереді.
184-бап.Уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны
Уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімінде:
2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жіберілген уәкілетті органның атауы;
3) шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауы;
4) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;
5) шағым жасалып отырған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның қысқаша мазмұны;